Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-V,156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
1-тармақша осы Заңның 2-бабының 3) тармақшасына сәйкес 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 
«1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жатады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелуге жатады.
Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
Екінші және үшінші абзацтары осы Заңның 2-бабының 3) тармақшасына сәйкес 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 
«1. Заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесі немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, тіркелген жеріндегі мемлекеттік кіріс органына дереу жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, интернет-ресурс арқылы хабарлауға мiндеттi.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамына енгізілген кепілге салынған мүлікті жария сауда-саттықта сату кезінде кепілді кредиторлардың талаптары кепілге салынған мүлікті өткізуден алынған сома шегінде басқа кредиторлардың алдында артықшылықпен қанағаттандырылады.
Кепіл нысанасын өткізуден түскен сома жеткіліксіз болған жағдайда, кепілді кредитор талаптарының қалған сомасы осы Кодекстің 51-бабында белгіленген кезектілік тәртібімен қанағаттандырылады.»;
«6. Тарату комиссиясы таратылатын заңды тұлғаның кредиторларына ақша төлеудi аралық тарату балансы бекiтiлген күннен бастап, соған сәйкес, осы Кодекстiң 51-бабында белгiленген кезектілік тәртiбiмен жүргiзедi. Акционерлiк қоғамдардың мүлкiн бөлу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заңнамасында белгiленедi.
Таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамында кепілге салынған мүлік болған кезде кепілді кредитор өз талаптарын кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау арқылы қанағаттандыруға құқылы.
Тарату комиссиясы кепілді кредитордан кепілге салынған мүлікті заттай қабылдайтыны туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мүлікке бағалау жүргізеді.
Кепілге салынған мүлікті кепілді кредиторға беру осы тармақтың бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген талаптар ескеріле отырып, бағалау жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi