Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 сәуірде № 18512 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 43) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 жылғы № 113 Қаулысына сәйкес (20.07.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (20.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісі құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы ереже) 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда резиденттер мен бейрезиденттердің Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібі айқындалады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 жылғы № 113 Қаулысымен (20.07.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 99 Қаулысымен (20.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)