Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 248 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 14 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.04.2024 жылғы № 336 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.01.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1060 Қаулысына сәйкес (04.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:
«Бұл ретте ЕДБ айналым қаражатын толықтыру мақсатына қарыз алушының бір жобасы шеңберінде берілетін кредит қаражатының 50 %-дан аспайтын мөлшерін жіберуге құқылы. Бұл шектеу агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды.»;
«Жобаларға 10 миллиард теңгеден астам сомаға кредит берген жағдайда тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.»;
«қаржы агенттігінің субсидиялау және/немесе кепілдік беру туралы шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салықтық есептілік деректерінің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірісті 10 %-ға өсіруге қол жеткізу.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары:
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттерге кепілдік беруге жатады. Қарыз алушының бір жобасы шеңберінде кепілдік көлемі:
қоса алғанда 3 млрд. теңгеге дейінгі кредит сомасының 50 %-ынан аспайды;
3 млрд. теңгеден астам, 5 млрд. теңгеге дейінгі қоса алғанда кредит сомасының 20 %-ынан аспайды.
Кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.
Кепілдік беру шарттары, тәртібі және тетігі, сондай-ақ осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобалардың мониторингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.»;
басым жобаларға кредит беру тетігіне қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 248 қаулысына 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1060 Қаулысына сәйкес (04.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 248 қаулысына 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1060 Қаулысына сәйкес (04.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 248 қаулысына 3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1060 Қаулысына сәйкес (04.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 248 қаулысына 4-қосымша
4-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1060 Қаулысына сәйкес (04.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 248 қаулысына 5-қосымша
Басым жобаларға кредит беру тетігіне қосымша
Басым жобаларға кредит беру үшін тауарлар тізбесі
№ |
Тауарлар тобының атауы |
№ |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші |
Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
I. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ |
|||||
1 |
Еттен және құс етінен жасалған өнімдер |
1. |
Етті өңдеу және консервілеу |
1011 |
Ұша/шағын ұша түрінде жас немесе тоңазытылған етті өндірісі Тағамдық субөнімдер |
2. |
Үй құсының етін өңдеу және консервілеу |
1012 |
Қасапханада үй құстарын сою, етті өңдеу немесе өлшеп орау, мүшеленген жас немесе мұздатылған ет өндіріс |
||
|
3. |
Еттен және үй құсының етінен жасалған өнімдер өндірісі |
1013 |
Кептірілген, тұздалған немесе ысталған ет өндірісі, дайын орамалар Ет өнімдерін: шұжық, салями, қызыл шұжық, сүрленген құрғақ шұжық, сервелат, ысталған болон шұжығы, бас, орамалар, пісірілген ветчина жасау |
|
2 |
Сүт және ірімшік өнімдері |
4. |
Сүтті өңдеу және ірімшік жасау |
1051 |
Жаңа сауылған, пастерленген табиғи, зарарсыздандырылған, гомогенделген және/немесе ультра тазартылған сүт өндірісі Сүт негізіндегі сусындар өндірісі Жаңа сауылған қаймағы алынбаған, пастерленген, зарарсыздандырылған және гомогенделген сүттен қаймақ жасау Құрғақ сүт немесе қоюлатылған сүт, қатты түрдегі сүт немесе кілегей өндірісі Сары май, йогурт, ірімшік және сүзбе, айран, кілегей, сары су, казеин немесе лактоза өндірісі |
3 |
Өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі |
5. |
Қант өндірісі |
1081 |
Қант қызылшасынан қант өндірісі |
6. |
Какао, шоколад және қантты кондитерлік тағамдар өндірісі |
1082 |
Шоколад және шоколад кәмпиттерінің өндірісі Қантты кәмпиттер: карамель, какао, нуга, помадка, ақ шоколад өндірісі Сағыз өндірісі Қантталған жемістер өндірісі Шоколадты жаңғақ, цукат өндірісі Кәмпиттер, жастықша кәмпиттер, қақ өндірісі. |
||
4 |
Балалар тағамы |
7. |
Балалар тағамының және диеталық тамақ өнімдерінің өндірісі |
1086 |
Арнайы диеталар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерін: балалар тағамын; қосымша сүт және басқа да тамақ өнімдерін; жасы кіші балаларға арналған тамақ өнімдерін; калориясы аз және калориясы азайтылған өнімдерді жасау |
5 |
Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі |
8. |
Крахмал және крахмалдан жасалған өнімдер өндірісі |
1062 |
Күріштен, картоптан, жүгеріден, бидайдан крахмал жасау Шикі жүгеріні майдалау Глюкоза және (немесе) глюкоза-фруктоза шәрбатын, қант шәрбатын, мальтоза, инулин жасау Дәннің маңызын жасау Жүгері майын жасау |
9. |
Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі |
1061 |
Құрғақ бұршақ дәндерінің, тамырлар немесе сабақтар немесе жеуге жарамды жаңғақтар өндірісі Құрғақ таңғы ас сияқты дәнді тамақ өнімдерінің өндірісі Ұн қоспаларының және нанға, тортқа, бәлішке, пирогтар мен бисквиттерге, печеньелерге немесе құймақтарға арналған, дайын ұн қоспалары мен қамырлар өндірісі Бидай қауыздарының, қара бидай, сұлы, жүгері немесе басқа да дән қауыздарының өндірісі |
||
6 |
Нан-бөлке және ұннан жасалған өнімдер өндірісі |
10 |
Макарон өнімдерінің өндірісі |
1073 |
Макарондар, кеспелер, кеспе және (немесе) олардан жасалған жартылай фабрикаттар (тез дайындалатын) өндірісі Қамырдан жасалған консервіленген немесе тоңазытылған өнімдер, оның ішінде макарон өнімдерінің өндірісі |
7 |
Дайын тамақ өнімдері (өндірістік ауқымда) |
11. |
Дайындалған тамақ өнімдерінің өндірісі |
1085 |
Ет тағамдарының өндірісі Тартылған балық етін қоса алғанда, балық тағамдарының өндірісі Көкөністерден жасалған тағамдар өндірісі Тоңазытылған пицца немесе өзге тәсілмен сақтау үшін дайындалған пицца өндірісі |
8 |
Жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу |
12. |
Картопты өңдеу және консервілеу |
1031 |
Өңделген мұздатылған картоп, құрғақ картоп езбесінің, картоптан жасалған басытқы, картоп қытырлақтары, картоп ұны мен түйіршіктерінің өндірісі |
13. |
Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі |
1032 |
Жемістерден және (немесе) көкөністерден жасалған шырындар өндірісі Жас жемістерден және көкөністерден жасалған концентраттар қойылтпалар өндірісі |
||
9 |
Мал азығының өндірісі |
14. |
Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын азық өндірісі |
1091 |
ІҚМ, ұсақ малға, жылқыларға, құстар мен шошқаларға арналған азық өндірісі |
10 |
Ауыл шаруашылығы |
15 |
Көкөністер және бақша өнімдерін, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру |
0113 |
Көкөніс, оның ішінде қызанақ, басты пияз, шалот пиязы, сарымсақ, порей пиязы және басқа да пияз тұқымдас көкөністер, қауданды қырыққабат, түрлі-түсті қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат, сәбіз, шалқан, тамыр балдыры, шалғам және басқа да осыған ұқсас жеуге жарамды тамыр жемістілер, бұрыш, қияр мен корнишон, қант қызылшасы және асханалық қызылша өсіру. Көкөніс, картоп, қант қызылшасының тұқымдарын өсіру Бақша дақылдарын, оның ішінде қарбыз, қауын және асқабақ өсіру |
16 |
Талшықты иіру дақылдарын өсіру |
0116 |
Мақта, зығыр өсіру Мақта тұқымын өсіру |
||
17 |
Басқа да маусымдық дақылдарды өсіру |
0119 |
Тарна, жемдік қызылша, жем-шөп, беден, жоңышқа, эспарцет, жемдік жүгері және басқа шөптерді, жемдік қырыққабат және қарапайым жемдік өнімдерді өсіру Қызылша қарақұмық өсіру (қант қызылшасы тұқымдарын қоспағанда) және азықтық өсімдіктер тұқымын өсіру |
||
18 |
Дәнді және сүйекті жемістер өсіру |
0124 |
Дәнді және сүйекті жемістер: алма, өрік, шие және қызыл шие, шабдалы және тақыр шабдалы, алмұрт және беже, қара өрік және шомырт өсіру |
||
19 |
Малдың және қодастың басқа да тұқымдарын көбейту |
0142 |
Ет алу үшін ірі қара мал мен қодасты көбейту |
||
20 |
Малдың сүтті тұқымдарын көбейту |
0141 |
Малдың сүтті тұқымдарын өсіру және көбейту Шикі сүт алу |
||
11 |
Ауылшаруашылығы өнімдерін сақтау |
21 |
Жүкті қоймаға қою және сақтау |
5210 |
Азық-түлік өнімдерін сақтау және сату бойынша көтерме сауда орталықтарын құру |
II. АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕН БАСҚА ТАУАРЛАР |
|||||
1. КИІМ ЖӘНЕ АКСЕССУАРЛАР |
|||||
12 |
Сырт киім және аксессуарлар |
22 |
Басқа да тоқылған және трикотаж бұйымдарының өндірісі |
1439 |
Пуловерлер, свитерлер, кардигандар, тоқылған кофталар, жилеттер және осындай бұйымдар сияқты тоқылған немесе трикотаж бұйымдар және басқа да дайын бұйымдар өндірісі |
23 |
Арнайы киім өндірісі |
1412 |
Арнайы киім өндірісі |
||
24 |
Сырт киім өндіру |
1413 |
Ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған сырт киім: пальто, костюмдер, жакеттер, шалбарлар, белдемшелер, қалпақтар мен баскиімдер өндірісі Былғарыдан жасалған сырт киімнен басқа, тоқыма, тоқылған немесе тоқыма емес трикотаж маталардан жасалған сырт киімдердің өзге де түрлерінің өндірісі |
||
13 |
Іш киім |
25 |
Іш киім өндіру |
1414 |
Әйелдер, ерлер мен балаларға арналған тоқыма, тоқылған немесе трикотаж маталардан, шілтерден жасалған іш киімдер және түнгі киімдер: жейделер, футболкалар, кальсондар, келтешалбарлар, пижамалар, түнгі жейделер, көйлектер, блузалар, ішкі белдемшелер, комбинациялар, бюстгальтерлер, корсеттер өндірісі |
26 |
Тоқылған және трикотаж шұлық бұйымдарының өндірісі |
1431 |
Ұйықтарды, триколарды және колготкаларды қоса алғанда, шұлық бұйымдарының өндірісі |
||
14 |
Тоқыма және былғары бұйымдарын өндіруге арналған материалдар |
27 |
Тоқыма бұйымдарын өңдеу |
13 |
Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, мақта-мата, мақта талшығы өндірісі Шашақ жіп, махер мата, дәке тәрізді тоқылған материалдар өндірісі Жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, жүн мата өндірісі Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, жібек мата өндірісі Зығыр мата өндірісі Басқа да маталар өндірісі, мысалы, қытай қалақайынан, кендірден, жөкеден және арнайы иірілген жіптен Шыны талшығынан жасалған маталар өндірісі Карбонидті және арамидті жіптер өндірісі Тоқу әдісімен жасанды тері өндірісі |
15 |
Аяқ киім және оның жабдықтары |
28 |
Аяқ киім өндірісі |
1520 |
Қалыптауды қоса алғанда, аяқ киімді кез келген материалдардан кез келген тәсілмен жасау Аяқ киімдердің былғары және резеңке бөліктерін: сыртқы және ішкі бөліктерін, ұлтанын, өкшесін жасау |
16 |
Тұрмыстық химия |
29 |
Сабын мен жуғыш, тазартқыш және жылтыратқыш заттар өндірісі |
2041 |
Органикалық беткі-белсенді препараттар өндірісі Жуғыш құралдар себілген немесе сіңірілген қағаздар, сулықтар өндірісі Глицерин өндірісі Косметикалық сабынды қоспағанда, сабын өндірісі Беткі-белсенді препараттар: қатты немесе сұйық түрдегі кір жуатын ұнтақтар және басқа да жуғыш құралдар, ыдыс-аяқ жууға арналған препараттар кір жуған кезде қосуға арналған хош иістендіргіш және жұмсартқыш заттар өндірісі Тазартқыш және жылтыратқыш құралдар: ауа тазартқыштар, жасанды балауыз, былғары бұйымдарды күтуге арналған құралдар, жиһазға және ағаш беттерге арналған полирольдар, шыны және металл беттерге арналған полирольдар, осыларға ұқсас құралдар себілген немесе сіңірілген сулықтарды қоса алғанда, тазартқыш пасталар мен ұнтақтар өндірісі |
17 |
Кілемдер |
30 |
Кілемдер мен кілем бұйымдарын өндірісі |
1393 |
Кілемдер, паластар және төсеніштер, едендік жабындар қамтылатын тоқыма жабындарының өндірісі Киіз жабындарының өндірісі |
18 |
Үйге арналған тоқыма және басқа да бұйымдар |
31 |
Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндірісі |
1392 |
Тоқылған немесе трикотаж маталарды қоса алғанда, кез келген тоқыма материалынан дайын бұйымдар: пледті қоса алғанда, жүн көрпе, төсек-орын, асхана, дәретхана немесе ас үй маталары, сырып тігілген көрпе, мамық көрпе, пуфиктер, жастықтар, ұйықтауға арналған қаптар өндірісі Дайын жиһаз заттарын: перделер, шымылдықтар, төсек-орын жапқышы, ас үй сүлгілері, ыдыс жууға арналған шүберектер өндірісі |
32 |
Тоқыма жаймаларының өндіру |
1391 |
Тоқылған немесе трикотаж маталар шығару және өңдеу: түкті маталар, тор көзді және шілтер маталар өндірісі |
||
19 |
Тұрмыстық тауарлар |
33 |
Тауарларға арналған пластик қаптамалар өндірісі |
2222 |
Тауарларды орауға арналған пластик бұйымдар: пластик пакеттер, қаптар, ыдыстар, қораптар, жәшіктер, үлкен бөтелкелер, бөтелкелер өндірісі |
34 |
Өзге де пластик бұйымдар өндіру |
2229 |
Жиһаз фурнитурасының, кеңсе немесе мектеп керек-жарақтарының, киім заттарының (түймелер, сыдырмалар), ас үй және дәретхана керек-жарақтарының, дастархан, пластик бас киімдер (каскалар) және пластиктен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі |
||
35 |
Қуыс шыны бұйымдарын өндірісі |
2313 |
Шыныдан немесе хрустальдан жасалған бөтелкелер, ыдыстар өндірісі Шыныдан немесе хрустальдан жасалған стақан, фужер, рюмка, бокал, шыныаяқ, тұрмыстық заттар өндірісі |
||
20 |
Жиһаз |
36 |
Кеңсе және студия арналған жиһазының өндірісі |
3101 |
Орындықтар, отыруға арналған жиһаз өндірісі кеңселерге, студияларға, қонақ үйлерге, мейрамханаларға және қоғамдық орындарға арналған орындықтар мен отырғыштар өндірісі Театрларға, кинотеатрларға арналған орындықтар мен отырғыштар өндірісі Зертханалық орындықтар, басқа да зертханалық табуреттер мен өзге де отырғыштар өндірісі |
37 |
Ас үй жиһазын өндірісі |
3102 |
Ас үй жиһазын өндірісі |
||
38 |
Басқа да жиһаз өндірісі |
3109 |
Дивандар, диван-кереуеттер өндірісі Бақшаға арналған орындықтар өндірісі Жатын бөлмеге, қонақ бөлмеге, бақшаға арналған жиһаз өндірісі Тігін машиналарына, теледидарларға арналған тумбалар өндірісі |
||
21 |
Жиһаз өңдіруге арналған материалдар |
39 |
Шпон, фанера, жұқа тақтайлар мен панельдер өндіру |
1621 |
Жоңқасы нысаналы бағытталған сүрек-жоңқалы тақтайлар өндіру Тығыздығы орташа ағаш талшықты тақтайлар және өзге де ағаш талшықты материалдар өндірісі |
22 |
Матрастар |
40 |
Матрастар өндірісі |
3103 |
Матрастар: серіппесі бар немесе тығыздалған матрастар; құрамында серпімділікті ұстап тұратын материалдар бар матрастар; қапталмаған резеңке немесе пластик матрастар өндірісі |
23 |
Тұрмыстық электроника аспаптарын өндірісі |
41 |
Механикалық шамаларды өлшеуге арналған аспаптар өндірісі |
2651 |
Жылыту жүйелеріне арналған температураны бақылау аспаптарының өндірісі Сұйықтық температурасын өлшеуге арналған шыны және биметалл термометрлер (медициналықты қоспағанда) өндірісі Тұрмыстық өлшеуіштер өндірісі (мысалы, су өлшегіш, газөлшегіш, электр энергиясын есептегіштер) Су өлшеуіштер мен есептеу қондырғыларының өндірісі Қозғалыс детекторларының өндірісі |
42 |
Электр-тұрмыстық аспаптар өндірісі |
2751 |
Өзге де тұрмыстық электр аспаптарының: электр сужылытқыштар, тасымалданатын электржылытқыштар, электрпештер, электрқыздырғыштар өндірісі |
||
43 |
Батареялар мен аккумуляторлар өндірісі |
2720 |
Бастапқы элементтер: құрамында марганец, сынап, күміс диоксиді бар батарея элементтерінің өндірісі Бөлгіштер, корпустар, қақпақтар сияқты қосалқы бөлшектерді қоса алғанда, электр аккумуляторларының өндірісі Қорғасын-қышқылды батареялар өндірісі Никель-кадмий батареяларының өндірісі Никель-металлогидридті қуат көзі батареяларының өндірісі Литий батареяларының өндірісі Құрғақ батареялар өндірісі Сұйық электролиті бар батареялар өндірісі |
||
24 |
Жарықтандыру құралдары |
44 |
Электрмен жарықтандыру жабдықтарын өндірісі |
2740 |
Шамдар (мысалы, карбидті, электр, газ, газoлин) өндірісі Төбеге ілінетін жарықтандыру аспаптарының өндірісі Аспашамдар өндірісі Үстел шамдарының (оның ішінде жарықтандыру аспаптарының) өндірісі |
25 |
Құрылыс материалдары |
45 |
Пластик құрылыс бұйымдарын өндіру |
2223 |
Пластикалық құрылыс бұйымдарының: пластик есіктер, терезелер, жақтаулар, терезе қақпақтарының, жалюзилер, бағыттаушы жұқа тақтайшалар, ыдыстар, пластик жабындар, рулондар түріндегі қабырға мен төбеге арналған қаптауыш, тақтайшалар, пластиналар еден жабындарының өзге де түрлерінің, ванна, душ кабиналары, раковиналар, унитаздар, су ағызатын бачоктар сияқты пластик гигиена заттарының өндірісі Винил, линолеум сияқты майысқақ төсемдер өндірісі |
46 |
Бастапқы қалыптағы пластмасса өндіру |
2016 |
Полипропилен мен полистирол өндіру |
||
47 |
Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар, типография бояулары мен мастика өндірісі |
2030 |
Бояулар, лактар мен эмальдар өндірісі Дайын бояйтын заттар мен колерлер өндірісі Эмальдар, лактар және жағатын құрамдар мен сол сияқты препараттар өндірісі Мастика өндірісі Шпатлевка және сол сияқты үстіңгі беттерді тегістеуге арналған препараттар өндірісі Дайын бояу өндірісі Типографиялық бояу өндірісі Органикалық еріткіштер, бояу мен лактарды дайын еріткіштер өндірісі |
||
48 |
Желім өндірісі |
2052 |
Резеңке желімі мен дайын желімдеу құрамдарын қоса алғанда, желім мен дайын желімдеу құрамдарының өндірісі |
||
26 |
Есіктер мен терезелер |
49 |
Металдан жасалған есіктер мен терезелер өндірісі |
2512 |
Металдан жасалған есіктер, терезелер мен жақтаулар, терезе қақпалары мен қақпалар өндіру |
27 |
Цементті қоспағанда, әрлеу материалдары |
50 |
Әк және құрылыс гипсінің өндіру |
2352 |
Құрылыс (кальцийлендірілген гипс немесе натрий сульфаты) гипсін өндіру Сылақ өндірісі |
III. ӨЗГЕЛЕР |
|||||
28 |
Химия |
51 |
Тыңайтқыштар және құрамында азот бар қоспалар өндіру |
2015 |
Тыңайтқыштар: азот немесе құрамында азоты бар, фосфор немесе калий тыңайтқыштарын, шикі мұнайдан алынған несепнәр, табиғи фосфаттар және табиғи калий тұздарын өндіру |
52 |
Пестицидтер мен басқа да агрохимиялық өнімдер өндіру |
2020 |
Инсектицид/жәндіктерге қарсы заттар, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, акарицидтер, молюстицидтер, биоцидтер өндіру Өсімдіктердің өсуін реттейтін өнімдер өндіру Дезинфекциялау құралдарын өндіру (ауыл шаруашылығы мақсаттарына және басқа да мақсаттарға пайдалану үшін) Басқа санаттарға енгізілмеген өзге агрохимиялық өнімдер өндіру |
||
29 |
Қағаз және қағаз бұйымдар |
53 |
Шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарының өндірісі |
1722 |
Жеке гигиена және тығыздау мақсатында пайдалану целлюлоза мақтасынан қағаз өнімдерінің өндірісі: қағаз сулықтар, қолорамалдар, сүлгілер, сулықтар дәретхана қағазы, гигиеналық сүлгілер мен тампондар, балалар жаялықтары мен жөргектері, қағаз стақандар, тәрелкелер және подностар, картон және қағаз ыдыс өндірісі Тығыздау үшін және тығыздалатын гигиеналық сүлгілер, тампондар үшін тоқыма материалдар өндірісі |
30 |
Металдан жасалған бұйымдар |
54 |
Бекіту бұйымдарын өндіру |
2594 |
Тойтарма және бұрандасыз ұқсас өнімдер өндірісі Бұранда кескіш станокта жасалатын бұйымдар өндірісі Бұрандамалар, бұрамалар, сомындар, муфталар және бұрандасы бар басқа өнімдер өндірісі |
55 |
Жеңіл металдардан буып-түюге арналған материалдар өндірісі |
2592 |
Тамақ өнімдері үшін консерві банкілерін, шақшалар, қораптар, жәшіктер өндірісі Тығыздап жабу үшін металл қақпақтар мен өзге де бұйымдар өндірісі |
||
31 |
Электр өткізгіш өндірісі |
56 |
Электр өткізгіш және кабельдің басқа түрлерінің өндірісі |
27320 |
Алюминийден және мыстан жасалған тоқ жүретін желілері бар өткізгіштер мен кабельдер өндірісі |
32 |
Велосипедтер, арбалар |
57 |
Велосипедтер және мүгедектерге арналған арбалар/креслолар өндірісі |
3092 |
Моторсыз велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді, тандемдерді, балалар велосипедін және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, өзге де ұқсас көлік құралдарының өндірісі Велосипедтерге арналған жинақтауыштар және аксессуарлар өндірісі Қосалқы моторы бар велосипедтер өндірісі Пластикалық велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, жүргізу үшін дөңгелегі бар ойыншықтар өндірісі Моторлы немесе моторсыз мүгедектер арбасының өндірісі Мүгедектер арбасына арналған жинақтауыштар және аксессуарлар өндірісі Балалар арбасының өндірісі |
33 |
Басқа тауар позициялары |
58 |
Басқа да техникалық және өнеркәсіптік тоқыма бұйымдарын өндірісі |
1396 |
Моторсыз велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді, тандемдерді, балалар велосипедін және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, өзге де ұқсас көлік құралдарының өндірісі Велосипедтерге арналған жинақтауыштар және аксессуарлар өндірісі Қосалқы моторы бар велосипедтер өндірісі Пластикалық велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, жүргізу үшін дөңгелегі бар ойыншықтар өндірісі Моторлы немесе моторсыз мүгедектер арбасының өндірісі Мүгедектер арбасына арналған жинақтауыштар және аксессуарлар өндірісі Балалар арбасының өндірісі |
34 |
Білім беру |
59 |
Тұрғын үйдің көрсетілетін қызметтер |
5590 |
Студенттік және мектеп жатақханаларын салу және реконструкциялау |
60 |
Білім беру |
85 |
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және реконструкциялау |
||
35 |
Туризм* |
61 |
Қонақ үйлердің қызметтер ұсынуы |
5510 |
Орналастыру орындарын салу (қонақ үйлер, санаторийлер, люкс класты отель, мотельдер) |
62 |
Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру |
5520 |
Орналастыру орындарын салу (балаларға арналған немесе басқа демалыс үйлері, пәтерлер мен қонақтар үшін бунгалолар, жинау немесе тамақтандыру қызметтерін көрсетпейтін коттедждер мен үйлер, жастар туристік лагерьлері, таудағы турбазалар және т.б.) |
||
63 |
Кемпингте, рекреациялық автопаркте және трейлерлік парктерде тұру үшін көрсетілетін қызметтер |
5530 |
Орналастыру орындарын салу (кемпингтер, трейлер парктері, ойын-сауық қалашықтары, аң аулау немесе балық аулау үшін пайдаланылатын жерлер, автомобиль демалысына арналған үй-жайлар мен керек-жарақтар) |
||
64 |
Аурухана ұйымдарының қызметі |
8610 |
Санаторийлік-курорттық мекемелер салу |
||
65 |
Басқа санаттарға жатқызылмаған жерүсті жолаушылар тасымалдарының басқа түрлері |
4939 |
Тау шаңғысы курорттарын салу, егер қалалық және қалааралық көлік тасымалдары жүйесіне кірмейтін болса, конвейерлерді, аспалы жолдарды, тау шаңғысы көтергіштерін және аспалы көтергіштерді басқару |
||
36 |
Көлік және қоймалау** |
66 |
Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі |
52 |
Көліктік транзиттік терминалдар, құрғақ порттар, қойма үй-жайларын салу |
* Алакөл көлі жағалауында (ШҚО, Алматы облысы), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (СҚО), Алматының таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай, Нарынқол аудандары) іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.
** Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтары.