Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің нысанын және оны шығару мерзімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 411 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 мамырда № 18633 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 06.10.2025 жылғы № 573 Бұйрығына сәйкес
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 96-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 20.03.2023 жылғы № 284 Бұйрығына сәйкес (03.03.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің нысаны бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 жылғы № 117 Бұйрығына сәйкес (20.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 17.03.2024 жылдан бастап және 2024 жылғы 12 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімді Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жасаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органдары шығарады деп белгіленсін.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 03.03.2020 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес (30.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.03.2020жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 20.03.2023 жылғы № 284 Бұйрығына сәйкес (03.03.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 жылғы № 117 Бұйрығына сәйкес (20.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 17.03.2024 жылдан бастап және 2024 жылғы 12 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары
––Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 30 сәуірдегі
№ 411 бұйрығымен
бекітілген
Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы 20 ___ жылғы «___» ____________ № __ шешім
Нысан жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 20.03.2023 жылғы № 284 Бұйрығына сәйкес (03.03.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 жылғы № 117 Бұйрығына сәйкес (20.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 17.03.2024 жылдан бастап және 2024 жылғы 12 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
Салық кодексінің 96-бабының 4-1-тармағына сәйкес осы шешіммен келіспеген жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) Салық кодексінің 96-бабында белгіленген мерзімде, жоғары тұрған органға және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Салық кодексінің 96-бабында айқындалған тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасы орындалмаған кезде Салық кодексінің 145-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес тақырыптық салықтық тексеру жүргізу көзделгені туралы қосымша хабардар етеміз. («Тақырыптық және қарсы тексерулер тағайындау мен хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 16479 болып тіркелген.