Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 мамырда № 18632 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 24 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Әділет министрінің м.а. 05.07.2023 жылғы № 464 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының 68-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 14.06.2021 жылғы № 500 Бұйрығына сәйкес (06.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 1441 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17441 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 8 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2019 жылғы 6 мамырдағы
№ 246 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 14.06.2021 жылғы № 500 Бұйрығына сәйкес (06.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нормативтiк құқықтық актiге жүргiзiлген заң сараптамасының нәтижелерi бойынша осы нормативтiк құқықтық акт азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың заңды мүдделерiн бұзбайтыны және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтiнi анықталды.
Сондай-ақ, осы нормативтiк құқықтық акт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгiленген талаптарға сәйкес келетiнi анықталды.
1) ______________________________________________________________________________ (Нормативтiк құқықтық актiнiң нысаны, қабылдау күнi, тiркеу нөмiрi және тақырыбы)
_____________________________________________________________________________________ (мемлекеттiк тiркеуге нормативтiк құқықтық актiнi ұсынған мемлекеттiк органның атауы) ресми жариялау мiндеттемесiмен жiберудi (егер тiркелген нормативтiк құқықтық акт ресми жариялануға жатса);
нормативтік құқықтық акт туралы мәліметтер осы нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік тіркеу нөмірі берілген күннен кейін хронологиялық тәртіппен автоматты түрде электрондық тізілімге енгізіледі.
Бұл ретте облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған кезде мемлекеттік тіркеу нөміріне өңірдің тиісті индексі беріледі: Астана қ. – 01, Алматы қ.– 02, Ақмола облысы – 03, Ақтөбе облысы – 04, Алматы облысы – 05, Атырау облысы – 06, Батыс Қазақстан облысы – 07, Жамбыл облысы – 08, Қарағанды облысы – 09, Қостанай облысы – 10, Қызылорда облысы – 11, Маңғыстау облысы – 12, Түркістан облысы – 13, Павлодар облысы-14, Солтүстік Қазақстан облысы – 15, Шығыс Қазақстан облысы – 16, Шымкент қаласы – 17, Абай облысы – 18, Жетісу облысы – 19, Ұлытау облысы – 20.
3. Тізілімді жүргізуге жауапты адамды Әділет министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы не оның міндетін атқарушы адам, аумақтық органдарда – тиісті аумақтық органның басшысы не оның міндетін атқарушы адам тағайындайды.
4. Нормативтік құқықтық акт туралы мәліметттер осы нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу туралы қорытынды бекітілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде хронологиялық тәртіппен Тізілімге енгізіледі.
5. Тізілімге жазбалар нақты, түсінікті жазылып, қара түсті сиямен енгізіледі. Қарындашпен жазуға, сызып тастауға және басқа да түзетулерге жол берілмейді.
6. «Өзге мәліметтер» бағанында заң сараптамасын жүргізген әділет органы қызметкерінің тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты, сондай-ақ Тізілімнің республикалық (өңірлік) бөлімін жүргізу барысында туындауы мүмкін өзге де мәліметтер енгізіледі.