Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.04.2023
Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін ақтарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № ҚР ДСМ-63 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 мамырда № 18647 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 16 сәуірден бастап күшін жояды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.03.2023 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
1) «Вирусты гепатиттермен ауыратын науқастарды зерттеп-қарау және емдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 92 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7479 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 мамырда «Юридическая газета» газетінде № 72 (2254) жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 11 ақпандағы № 78 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9273 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдеде «Казахстанская правда» газетінде № 147 (27765) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ  және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген  іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 4 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-63 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1. Осы Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) терапиялық бейіндегі асқорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын пациенттерге гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсету саласындағы ережені, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейді.
2. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек асқорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын пациенттерге терапиялық көмекті және шағын инвазивтік (интервенциялық) диагностикалық және емдік манипуляцияларды қамтиды.
3. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жанындағы Біріккен комиссия мақұлдаған диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына (бұдан әрі – Клиникалық хаттамалар) сәйкес амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек нысанында мамандандырылған көмек және жоғары технологиялық медициналық қызмет (бұдан әрі – ЖТМҚ) көрсету түріндегі «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігер көрсетеді.
Полная версия
ИС BestProfi