Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2023
«Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту және «Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1423 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 79 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 291 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 758 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту және «Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1423 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 79 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 55-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемінде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

2

үлбір (қаракөл, қой терісі) жағасы бар, парадтық-салтанаттық пальто, былғары пальто

дана

1000

реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

12

жеңге тағатын белгілер (шеврондар, жапсырмалар)

дана

100000

реттік нөмірлері 16, 17-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірлері 18, 19, 20-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

18

кепкасы бар бүркеніш түсті жазғы костюм

жиынтық

16000

19

бүркеніш түсті жылы костюм

жиынтық

10000

20

ұзын және қысқа жеңді күнделікті (салтанатты) жейде

дана

55000

реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi