«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 201 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 мамырда № 18670 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылға арналған стипендиясын министрліктер мен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының арасында бөлу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 201 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылға арналған стипендиясын министрліктер мен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының арасында бөлу
№ |
Мемлекеттік орган, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы |
Стипендия |
|||
студенттерге |
магистранттарға |
||||
1. |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
922 |
7 |
||
2. |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі |
12 |
- |
||
3. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
81 |
- |
||
4. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
56 |
1 |
||
5. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
1 |
- |
||
6. |
«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы |
8 |
- |
||
Барлығы |
1080 |
8 |
Полная версия