Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.04.2020
"Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты) Басшысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 239 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 шілдеде № 11584 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 27 сәуірден бастап ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 13.04.2020 жылғы № 13 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 16.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтында, «электрондық үкіметтің» веб-порталында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бағалау Департамент басшысының  орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
___________________ Ж. Қасымбек
2 маусым 2015 жыл

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
________________ Е. Досаев
4 маусым 2015 жыл
Қазақстан Республикасы
 Жоғарғы Сотының жанындағы
 Соттардың қызметін қамтамасыз
 ету департаменті (Қазақстан
 Республикасы Жоғарғы Сотының
 аппараты) басшысының
 2015 жылғы 30 сәуірдегі
 № 239 бұйрығымен
 бекітілген
«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты) Басшысының 21.01.2016 жылғы № 6001-16-7-6/15 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1. «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 22.11.2017 жылғы № 6001-17-7-6/389 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының м.а. 13.05.2019 жылғы № 4 Бұйрығына сәйкес (22.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
Полная версия
ИС BestProfi