Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2020
"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 289 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2020 жылғы № 142 Қаулысына сәйкес
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
"1-3) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы 2018 – 2021 жылдардың қорытындылары бойынша таза кірісінің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер төлеуге жібереді;";
"2-7. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" және "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" акционерлік қоғамдарының иелігінде қалған, 2016 – 2018 жылдардың қорытындылары бойынша алынған таза кірістің бір бөлігін Нұр-Сұлтан қаласындағы энергия үнемдеу технологиялары демонстрациялық орталығының және Алматы қаласындағы энергия тиімділігі орталығының құрылысын аяқтауға жұмсауды қамтамасыз етсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Полная версия