Близость слов: Окончание:





«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 маусымда № 18795 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.04.2024 жылғы № 257/НҚ Бұйрығына сәйкес (30.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.12.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.04.2020 жылғы № 121/НҚ Бұйрығына сәйкес (05.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.04.2024 жылғы № 257/НҚ Бұйрығына сәйкес (30.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 27.11.2025 жылғы № 602/НҚ Қаулысына сәйкес (27.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.04.2024 жылғы № 257/НҚ Бұйрығына сәйкес (30.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. «Сервистік бағдарламалық өнімнің, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының мемлекеттік органның интернет-ресурсының және ақпараттық жүйенің олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 40/НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16694 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
2019 жылғы «___» ____________
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ
бұйрығына 1-қосымша
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі
Әдістеме өзгертілді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.04.2020 жылғы № 121/НҚ Бұйрығымен (өзгерту 21.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әдістеме өзгертілді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.09.2020 жылғы № 356/НҚ Бұйрығымен (01.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әдістеме өзгертілді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2022 жылғы № 361/НҚ Бұйрығымен (28.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Әдістеме жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.04.2024 жылғы № 257/НҚ Бұйрығына сәйкес (30.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 52) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 27.11.2025 жылғы № 602/НҚ Қаулысына сәйкес (27.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi