Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.06.2025
«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 407 қаулысы
Осы Қаулы 2025 жылғы 7 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.05.2025 жылғы № 359 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 36-37-38, 250-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларында:
8-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік;»;
21-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;».
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Полная версия
ИС BestProfi