Близость слов: Окончание:





«Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 414 қаулысы
Редакция 04.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі оған «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Рухани-адамгершілік құндылықтарға, Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысты ақпарат тарату «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 19 маусымдағы № 414 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріcтер
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат) қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
реттік нөмірі 123-136-жол алып тасталсын.
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне» деген бөлімде:
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2020 жылғы № 142 Қаулысына сәйкес (19.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 866 Қаулысымен (27.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi