Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.11.2020
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 қыркүйекте № 17353 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 15 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-170/2020 Бұйрығына сәйкес

Осы Бұйрыққа ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.07.2020 жылғы № ҚР ДСМ-83/2020 Бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізіледі
Редакция 06.07.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-22 Бұйрығына сәйкес (25.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.12.2019 жылғы № ҚР ДСМ-156 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу акушерлік-гинекологиялық бейін бойынша емделіп шығу жағдайының күрделілігін ескере отырып, клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу неонатологиялық бейін бойынша емделіп шығу жағдайының күрделілігін ескере отырып клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу стационарлық көмек нысанында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін республикалық медициналық ұйымдарға орташа есептік құны бойынша бір емделіп шығу жағдайы үшін жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
5) Ақы төлеу стационарлық көмек нысанында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға бір төсек күн үшін жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық қызметтерге тарифтер осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жазылсын;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.02.2020 жылғы № ҚР ДСМ-10/2020 Бұйрығына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға оңалту көрсететін республикалық медициналық ұйымдарға бір төсек күн үшін жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу онкологиялық аурулармен ауыратын балаларды емдеу үшін медициналық-экономикалық тарифтер бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
9) Амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жазылсын;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.06.2020 жылғы № ҚР ДСМ-71/2020 Бұйрығына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсететін облыстық, өңірлік, қалалық онкологиялық ұйымдар және көпбейінді клиникалардың онкологиялық бөлімшелері үшін лимфоидты және қан өндіру тіндерінің қатерлі ісіктері бар науқастарды қоспағанда, онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімінде тіркелген айына бір онкологиялық науқасқа жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге кешенді тариф;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу қан компоненттеріне зерттеулер жүргізуге және тіндерді иммунологиялық типтеу саласындағы қызметтер (HLA-зерттеулер), қан қызметіндегі референс-зерттеулер, плаценталық қаннан гемопоэздік дің жасушаларын бөлу және донорлық қан компомоненттерін өндіру бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу жылжымалы медициналық кешендер бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес ақы төлеу Психикалық науқастар тіркелімінде тіркелген, психикалық және мінез-құлық және Наркологиялық науқастар тіркелімінде тіркелген, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар бір науқасқа айына өңірлер бөлінісінде жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге кешенді тариф;
14) Айына АИТВ-инфекциясын жұқтырған және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын бір науқасқа, достық кабинетіне жүгінген бір адамға медициналық қызметтерге тарифтер және АИТВ/ЖИТС бойынша адамды тексеру тариф, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге кешенді тариф осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес жазылсын;
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.06.2020 жылғы № ҚР ДСМ-71/2020 Бұйрығына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімінде тіркелген бір науқасқа айына өңірлер бөлінісінде жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге кешенді тариф;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Ақы төлеу белсенді емес қалпына келтіру емі және медициналық оңалтубойынша медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға жүзеге асырылатын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тариф;
Полная версия
ИС BestProfi