Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 420 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 16.10.2020 жылғы №672 Қаулысына сәйкес  
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 529-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 20 маусымдағы № 420 
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2136 қаулысымен бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – азаматтар) бюджет қаражаты есебінен ұсынылады, барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді, сондай-ақ дәрілік көмекті қамтиды.
Егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналадағыларға қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын тізбеге сәйкес ТМККК алуға құқығы бар.
2. ТМККК-ға кіретін медициналық көмекті Қазақстан Республикасының аумағында клиникалық практикаға жіберілген медицина қызметкерлері клиникалық хаттамалардың негізінде көрсетеді.
3) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК);
4) МСАК маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;
7) медициналық көрсетілімдер бойынша қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;
8) туберкулезбен ауыратын және туберкулезбен ауырған науқастарды қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;
9) халықтың жекелеген санаттарына арналған паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім;
10) патологиялық-анатомиялық диагностика;
11) тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында мәйітті ағзаларды және (немесе) тіндерді алуға дайындау, тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау кіреді.
4. Жедел медициналық көмек уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тәулік бойы көрсетіледі және мыналарды қамтиды:
1) шұғыл көрсетілімдер бойынша медициналық көмек көрсету;
2) шұғыл көрсетілімдер бойынша пациенттерді медициналық ұйымдарға жеткізу;
3) кейіннен транспланттау үшін қажет болған кезде пациентті (терді), сондай-ақ ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөлігін) тасымалдау.
1) пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың және (немесе) тиісті мамандықтың және (немесе) білікті мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуді;
2) білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не пациентті (терді), сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөлігін) тиісті медициналық ұйымға әуе көлігімен тасымалдауды қамтиды.
6. МСАК – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін қамтитын, тәулік бойы медициналық байқау болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық екпелерді;
2) Кодекстің 155-бабының 7-тармағына сәйкес («Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген адамдарды қоспағанда) уәкілетті орган бекіткен халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді, оның ішінде:
балаларды тісті және ауыз қуысының сілемейлі қабығына күтім жасау бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларға оқытуды – профилактикалық мақсатта жылына 1 рет;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдарын оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеріп-қарауды – профилактикалық мақсатта жылына 1 рет;
3) бір жасқа дейінгі балаларға патронажды;
4) жүктілікті байқауды және отбасын жоспарлауды;
5) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқауды, оның ішінде:
диагностикалық зерттеулердің міндетті ең аз мөлшерін (асқынудан тыс);
созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларына сәйкес науқастарды және олардың отбасы мүшелерін өзін-өзі бақылауын және өзара көмек көрсетуге оқытуды;
6) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі медициналық-әлеуметтік көмекті;
7) кезек күттірмейтін медициналық көмекті, оның ішінде:
Кодекстің 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен төртінші күрделілік санатындағы жедел медициналық көмек шақыртуларына қызмет көрсетуді;
8) МСАК маманының, оның ішінде жіті аурулар немесе созылмалы аурулар асқынған кездегі қабылдауын, консультациясын, оның ішінде:
уәкілетті орган бекіткен тәртіппен МСАК деңгейінде көрсетілетін медициналық манипуляциялар мен ем-шаралар жүргізуді;
Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес дәрілік заттарға және мамандандырылған емдік өнімдерге рецепт жазуды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді;
МСАК мамандарының үйде пациенттерге қызмет көрсетуі – Кодекстің 32-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде көзделген көрсетілімдер бойынша;
осы тізбенің 8-тармағына сәйкес стационарды алмастыратын, оның ішінде үйде көмек көрсетуді;
Кодекстің 59-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізілетін еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптаманы;
9) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша диагностикалық көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде зертханалық диагностиканы;
10) саламатты өмір салты, ұрпақты болу денсаулығы және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша пациенттерге консультация беруді, оның ішінде:
профилактикалық кабинеттерде және МСАК ұйымдарының денсаулық мектептерінде оқытуды қамтиды.
7. МСАК маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек:
1) әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін адамдарды динамикалық байқауды қоса алғанда, оларға медициналық-әлеуметтік көмекті, оның ішінде Кодекстің 7-бабының 89) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен бейінді мамандардың қабылдауын және консультациясын;
2) бейінді мамандардың динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулары бар адамдарды қабылдауын және консультациясын, оның ішінде:
профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын халықтың нысаналы топтарын Кодекстің 155-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен және осындай қарап-тексеруді өткізу дүркінділігімен профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді (оның ішінде скринингтер);
уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бейінді мамандардың медициналық манипуляциялар мен ем-шараларды орындауын;
жіті және созылмалы аурулар, жарақаттанулар, уланулар немесе басқа да кейінге қалдыруға болмайтын жай-күйлер кезінде пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүкті әйелдерге және он сегіз жасқа дейінгі балаларға медициналық-генетикалық консультация беруді;
Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес асқынған жүктілікті медициналық байқауды және патронажды;
Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес дәрілік заттарға және мамандандырылған емдік өнімдерге рецепт жазуды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді;
бейінді мамандардың үйде пациенттерге қызмет көрсетуі – Кодекстің 32-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде көзделген көрсетілімдер бойынша;
Кодекстің 42-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдануды;
осы Тізбенің 8-тармағына сәйкес стационарды алмастыратын көмек көрсетуді;
Кодекстің 59-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізілетін еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптаманы;
3) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша диагностикалық көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде зертханалық диагностиканы:
құқық қорғау органдары, тергеу және анықтау органдарының жолдаған кезде психикалық белсенді заттарды тұтынуы тұрғысынан медициналық куәландыруды қамтиды.
1) әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу;
2) динамикалық байқауға жататын созылмалы ауруларды емдеу;
3) тәулік бойы стационар жағдайында емдеуді талап етпейтін диагноз қойылғанға дейін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізуге арналған стационарды алмастыратын медициналық көмек.
1) шұғыл көрсетілімдер бойынша ауруханаға жатқызылған пациенттерді;
3) Кодексінің 7-бабының 89) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша инфекциялық аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды;
4) динамикалық байқауға жататын созылмалы ауруларды емдеуді қамтитын стационарлық медициналық көмек.
10. Стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек көрсету кезінде, қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасына сәйкес және тәртіппен медициналық көрсетілімдер бойынша қан препараттарымен және оның компоненттерімен, сондай-ақ Кодекстің 162-бабының 5-тармағына сәйкес, уәкілетті орган бекіткен оларды сақтау, құю тәртібіне сәйкес қанмен, оның компоненттерімен, препараттарымен қамтамасыз ету.
11. Стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек көрсету кезінде уәкілетті орган бекіткен туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес туберкулезбен ауыратын және туберкулезбен ауырған науқастарды қалпына келтіру емі және медициналық оңалту.
12. Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 99) тармақшасына сәйкес стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек көрсету кезінде уәкілетті орган бекіткен тәртіппен халықтың жекелеген санаттары үшін паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім.
2) динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар, әлеуметтік мәні бар аурулар, оның ішінде шұғыл түрде емдеуге жатқызу;
3) инфекциялық аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар, оның ішінде шұғыл түрде емдеуге жатқызу кезінде патологиялық-анатомиялық диагностика жүзеге асырылады.
14. Тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында мәйітті ағзаларды және (немесе) тіндерді алуға дайындау, тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.
15. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу көрсетілімдері бар болған кезде және Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 80) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен көрсетіледі.
16. ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету:
1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде – денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес;
2) МСАК көмек көрсету кезінде – белгілі бір аурулары (жай күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
ТМККК ұсыну кезінде денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді пайдаланады. Дәрілік заттар Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілуге тиіс.
Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 32) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нақты пациенттің тіршілік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қолдануға жол беріледі.
Полная версия
ИС BestProfi