Близость слов: Окончание:





Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысы
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР Үкіметінің 15.12.2025 жылғы № 1086 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.09.2025 жылғы № 786 Қаулысына сәйкес (16.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 7 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
1. Қоса беріліп отырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 20 маусымдағы
№ 421 қаулысымен
бекітілген
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі
Осы Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.10.2020 жылғы № 673 Қаулысына сәйкес (20.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.08.2020 жылдан бастап)
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.09.2025 жылғы № 786 Қаулысымен (16.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 7 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
Осы Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.12.2025 жылғы № 1086 Қаулысына сәйкес (23.09.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2026 жылдан бастап)
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке мыналар кіреді:
1. Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде аурулардың профилактикасы, диагностикасы және скринингтік зерттеу жағдайларын қоспағанда):
1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексеру;
2) бейінді мамандардың қабылдауы және консультация беруі, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйде мобильдік бригада көрсететін қызметтер;
3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және кезеңділікпен бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық байқауда ұстауы;
4) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
5) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша диагностикалық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;
6) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша емшаралар мен манипуляциялар;
7) тұқым қуалайтын туа біткен ақаулар мен дамудағы ауытқуды ерте анықтауға уәкілетті орган айқындаған скринингтік зерттеу.
2-тармақ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі ҚР Үкіметінің 15.12.2025 жылғы № 1086 Қаулысының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес 
2. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (ТМККК шеңберінде аурулардың профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу және скринингтік зерттеу жағдайларын қоспағанда).
3. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда), сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын туындататын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйде стационар көрсететін қызметтер.
1) ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда, бет қаңқасы мен бастың туа біткен анатомиялық кемістігі бар балаларға реконструкциялық, пластикалық хирургиялық операцияларды қоса алғанда, жоспарлы нысандағы;
2) ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда, шұғыл нысандағы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек, оның ішінде тәулік бойғы стационар жағдайларында емдеуді қажет етпейтін диагнозды анықтағанға дейін тәулік бойғы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу.
5. Уәкілетті орган айқындайтын аурулардың тізбесі бойынша медициналық оңалту (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда).
6. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.
7. Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) алуға дайындау, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау ұсынылады.
1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек;
2) уәкілетті орган бекітетін белгілі бір аурулары бар (күйдегі) азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттар, медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету.
Полная версия
ИС BestProfi