Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17650 болып тіркелді
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (12.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 15.12.2022 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес (20.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 27.10.2023 жылғы № 547 Бұйрығына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 14.06.2019 жылғы № 269 Бұйрығына сәйкес (31.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-3-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 22) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау және «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (12.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 15.12.2022 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес (20.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 27.10.2023 жылғы № 547 Бұйрығына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі–ЖЖОКБҰ) адамдарды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау және мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ білім алушылардың бюджеттен тыс және өз қаражаты есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (12.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 27.10.2023 жылғы № 547 Бұйрығына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
ЖЖОКБҰ үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша қабылдауды бакалавриаттың, магистратураның, резидентураның білім беру қызметіне лицензияға қосымшалар болған кезде жүзеге асырады.