«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 442 қаулысы
Редакция 06.06.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы ғылыми зерттеулер, ғылыми қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.06.2022 жылғы № 361 Қаулысымен (26.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.06.2022 жылдан бастап)
2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінiң кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 8, 46-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын;
«3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар
1.Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты.».
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Полная версия