Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 және «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы және «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 435 қаулысы
Редакция 01.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 60-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.12.2023 жылғы № 1128 Қаулысына сәйкес (25.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы және «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 13, 241-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларында:
«2) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға авиакомпанияларға рұқсат беру қағидаларына сәйкес тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсаты бар, субсидиялауға жататын, басым халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурсқа қатысу кезінде халықаралық авиамаршрутқа арналған куәлігі бар;»;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) халықаралық авиамаршрутқа арналған куәлік.».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Полная версия
ИС BestProfi