Близость слов: Окончание:





Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2723 Заңы
Құжат мәтініндегі "тұрағы (мекен-жайы)" деген сөз "тұрғылықты жерi (орналасқан жерi)" деген сөзбен ауыстырылды ҚР 03.06.2003 жылғы № 427-ІІ Заңы бойынша (08.11.2000 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
Актінің нысаны мен тақырыбы өзгертілді ҚР 23.12.2005 жылғы № 107 Заңымен (03.06.2003 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
Құжат мәтініндегі "Жарлықта", "Жарлықты", "Жарлықпен", "Жарлықтың", "Жарлық" деген сөздер "Заңда", "Заңды", "Заңмен", "Заңның", "Заң" деген сөздермен ауыстырылды ҚР 23.12.2005 жылғы № 107 Заңы бойынша (03.06.2003 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 04.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Кіріспе алынып тасталды(ескертуді қараңыз)
Кіріспе алынып тасталды ҚР 23.12.2005 жылғы №107 Заңымен (03.06.2003 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-бап. Осы Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 03.06.2003 жылғы № 427-ІІ Заңымен (08.11.2000 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-бап өзгертілді ҚР 23.12.2005 жылғы № 107 Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-бап өзгертілді ҚР 05.07.2012  жылғы №30-V Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 21.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
1-бап өзгертілді ҚР 28.12.2016 жылғы № 34-VI Заңымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап және 01.01.2018 жылға дейін әрекет етеді)
1-бап өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.06.2024 жылғы № 97-VIII Заңына сәйкес (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2024 жылдан бастап)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жылжымайтын мүлiк – жер учаскелерi, сондай-ақ үйлер, ғимараттар және жермен берiк байланыстағы өзге де мүлiктер, яғни олардың мақсатына шектен тыс нұқсан келтiрмей орнын ауыстыру мүмкiн болмайтын объектiлер;
2) жылжымайтын мүлiк ипотекасы (ипотека) – кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк немесе ондағы үлесi кепiл берушiнiң немесе үшiншi тұлғаның иелiгi мен пайдалануында қалатын кепiл түрi;
3) ипотекалық қарыз – жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген қарыз, оның ішінде банктік қарыз немесе синдикатталған қарыз;
4) ипотекалық тұрғын үй қарызы – тұрғынжай салу не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берiлетiн ипотекалық банктік қарыз;
5) ипотекалық ұйым – қызметінің айрықша түрі осы Заңда көзделген қызмет болып табылатын заңды тұлға;
6) ипотекалық шарт – тараптардың негiзгi мiндеттеменi қамтамасыз етуде ипотеканы белгiлеу туралы келiсiмi;
7) ипотеканы өткiзу – ипотеканың мәнi болып табылатын мүлiктi өткiзу;
8) кепiл берушi – жылжымайтын мүлкi немесе ондағы үлесi ипотеканың мәнi болып табылатын тұлға;
9) кепiл ұстаушы – негiзгi міндеттеме бойынша мүдделерi ипотекамен қамтамасыз етiлген тұлға;
10) негiзгi мiндеттеме – ипотекамен толық немесе iшiнара қамтамасыз етiлген борыштық немесе өзге де мiндеттеме;
11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
12) сенiм бiлдiрiлген тұлға – соттан тыс тәртiппен ипотеканы өткiзудi жүргiзетiн тұлға;
13) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Полная версия
ИС BestProfi