Близость слов: Окончание:





Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 468 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 шілдеде № 18978 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.04.2023 жылғы № 307 Бұйрығына сәйкес (25.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 16.05.2023 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі Заңының 11-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.04.2023 жылғы № 307 Бұйрығына сәйкес (25.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1) «Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 454 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7354 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 қарашадағы № 319 (27593) «Казахстанская правда», 2013 жылғы 20 қарашадағы № 257 (28196) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған);
2) «Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 454 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 15 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9780 болып тіркелген, «Әділет» Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған). Күштері жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр
Қазақстан Республикасы
 Индустрия және инфрақұрылымдық
 даму министрінің
2019 жылғы 1 шілдедегі
№ 468 бұйрығымен
 бекітілген
Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.03.2022 жылғы № 152 Бұйрығына сәйкес (01.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.04.2023 жылғы № 307 Бұйрығына сәйкес (25.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) арнайы экономикалық аймақ – Заңына сәйкес қызметті жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын шекаралары дәл белгіленген Қазақстан Республикасы аумағының бөлігі;
2) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың бірыңғай тізілімі –Қазақстан Республикасының аумағында құрылған барлық арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың тізілімі;
3) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Заңына және «Инновациялық технологиялар паркі «Инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;
4) арнайы экономикалық аймаққа қатысушы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;
5) бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізілімі – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған арнайы экономикалық аймақтарда бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімі;
6) қызметті жүзеге асыру туралы шарт – арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушысы мен арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың аумағында және (немесе) олардың құқықтық режимінде қызметті жүзеге асыру шарттарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт;
7) бірыңғай үйлестіру орталығы – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
8) қызметтің бейінді емес түрлері – өңдеуші өнеркәсіп салаларына жататын, шикізатты, материалдарды, заттарды, жаңа өнімге арналған компоненттерді өңдеумен байланысты қызметтің басым түрлерінің тізбесіне кірмейтін қызмет түрлері;
9) бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға – бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын және осындай қызметті арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын адамдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген тұлға;
10) бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт – бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын бірнеше тұлға мен арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, арнайы экономикалық аумақта қызметті жүзеге асыру шарттарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт.
11) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібі
3. Бірыңғай тізілімдерге арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары және арнайы экономикалық аймақтардың аумағында бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар енгізіледі.
4. Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізілімдерін бірыңғай үйлестіру орталығы осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық форматта қалыптастырады және жүргізеді.
5. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған кезден бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай үйлестіру орталығына қызметті жүзеге асыру туралы шарттың немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесін жібереді және бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында шарт жасасу туралы ақпаратты орналастырады.
6. Бірыңғай үйлестіру орталығы тиісті шарттың көшірмесін алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініш беруші туралы мәліметтерді арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың бірыңғай тізіліміне енгізеді және адамның арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік немесе куәлік бермей бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне береді.
7. Бірыңғай тізілімді жүргізу мыналарды қамтиды:
1) арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары және қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу (қосу);
2) арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтерді өзектендіру (жаңарту).
8. Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың бірыңғай тізіліміндегі және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміндегі мәліметтерді өзектендіру (жаңарту) төменде келтірілген жағдайлардың бірі туындаған кезде орын алады:
1) арнайы экономикалық аймақтың атауын өзгерту;
2) бұрын бірыңғай тізілімге енгізілген қатысушы туралы мәліметтерді өзгерту;
3) қызметті жүзеге асыру туралы шартқа немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қосымша келісім жасасу;
4) қызметті жүзеге асыру туралы шарттың немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату.
9. Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың бірыңғай тізілімінің және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай Тізілімінің мәліметтерін өзектендіру (жаңарту) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компанияларынан тиісті хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
10. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы ауысқан кезде соңғысы бұл туралы уәкілетті органға және бірыңғай үйлестіру орталығына осындай ауысым туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлайды.
11. Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың бірыңғай тізіліміне немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне мәліметтер енгізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бірыңғай үйлестіру орталығы арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе осындай тұлғалар қызметінің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлға және арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы мәртебесін алғаны туралы хабардар етеді.
Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың бірыңғай тізіліміне мәліметтер енгізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бірыңғай үйлестіру орталығы, сондай-ақ адамды арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың бірыңғай тізіліміне енгізу туралы мемлекеттік кіріс органдарын хабардар етеді.
Аталған тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне енгізу туралы ақпарат бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.
12. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы бірыңғай үйлестіру орталығы мен мемлекеттік кіріс органдарын қызметті жүзеге асыру туралы шарттың немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату туралы тиісті шарттың қолданылуы тоқтатылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
13. Бірыңғай тізілімде қамтылған ақпарат Бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.
Арнайы экономикалық аймақ
қатысушыларының бірыңғай
тізілімін жүргізу қағидаларына
қосымша
Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың бірыңғай тізілімі

р/с

Ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген заңды тұлғаның толық атауы

Заңды тұлғаның қысқартылған атауы

Заңды мекенжайы

БСН

Аумағында АЭА қатысушысы қызметін жүзеге асыратын АЭА атауы

АЭА қатысушысы қызметті жүзеге асыру туралы жасалған шартқа сәйкес жүзеге асыратын жобаның атауы

АЭА қатысушыларының тізіліміне адамды АЭА қатысушысы ретінде тіркеу туралы немесе адамды АЭА қатысушысы мәртебесінен айыру туралы жазба енгізілген күн

1

2

3

4

5

6

7

8

1.


 


 


 


 


 


 


 

Қызметті жүзеге асыру туралы шарттың деректемелері

Адамды АЭА қатысушысы ретінде тіркеу туралы куәліктің сериясы, нөмірі

Қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қосымша келісімдердің деректемелері (бар болса)

Қосымша келісімдер жасасу негіздері (нысанасы)

9

10

11

12


 


 


 


 

Бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізілімі

р/с

Тұлғаның толық атауы

Тұлғаның қысқартылған атауы

Заңды мекен-жайы

БСН/

ЖСН

Аумағында адам қызметін жүзеге асыратын АЭА атауы

Бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы жасалған шартқа сәйкес бейінді емес қызмет түрінің атауы

Бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне немесе адамды тізілімнен шығару туралы жазба енгізілген күн

1

2

3

4

5

6

7

8

1.


 


 


 


 


 


 


 

Бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың деректемелері

Бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қосымша келісімдердің деректемелері (бар болса)

Қосымша келісімдер жасасу негіздері (нысанасы)

9

10

11


 


 


 

Полная версия
ИС BestProfi