Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.08.2021
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму 
министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 506 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 шілдеде № 19054 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 31 тамыздан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.08.2021 жылғы № 441 Бұйрығына сәйкес 
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
«13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды қажет болған жағдайда, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну көмегімен тұрғылықты жеріне бару арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурсында;
«16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:
Полная версия
ИС BestProfi