Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.04.2022 жылғы № 232 Қаулысына сәйкес (18.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.01.2023 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (26.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 29.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.01.2023 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (26.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
1) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі –«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті болып;
6) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер;
7) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғалар қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне және оның ведомстволарына берсін.
4. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.11.2021 жылғы № 825 Қаулысына сәйкес (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.04.2022 жылғы № 232 Қаулысына сәйкес (18.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2019 жылғы 5 шілдедегі
 № 479 қаулысымен
 бекітілген
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесіне өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 25.05.2022 № 330 Қаулысымен (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізілді)
Полная версия
ИС BestProfi