Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 563 қаулысы
Редакция 06.06.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, 142, 148-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер заңнамада белгіленген тәртіппен байқау кеңесі енгізіле отырып, қосу және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
2) денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 шілдедегі
​№ 563 қаулысына
қосымша
Қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Атырау обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Орал обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Шымкент обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 шілдедегі
​ № 563 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер
1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

7.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

5 897


 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

971

1)

«Қазақ республикалық лепрозорийі» ММ

185

2)

«Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухана» ММ

750

3)

«Республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы» ММ

36

2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.06.2022 жылғы № 361 Қаулысымен (31.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.06.2022 жылдан бастап)
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«27. «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы»;
ведомстволардың қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің қарамағындағы обаға қарсы күрес станциялары – республикалық мемлекеттік мекемелер» деген бөлім алып тасталсын.
Полная версия
ИС BestProfi