1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.03.2023 жылғы № 219 Қаулысына сәйкес (31.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.03.2024 жылғы № 211 Қаулысына сәйкес (16.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.11.2024 жылғы № 952 Қаулысына сәйкес (20.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
4. «Фильмдердің мемлекеттік қорын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 82 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 342-құжат) күші жойылды деп танылсын.