Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 509 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 шілдеде № 19055 болып тіркелді
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11637 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе орыс тілінде өзгеріс енгізілген, қазақ тілінде өзгеріссіз;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларында:
«5. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар, терминдер мен аббревиатуралар:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
2) әуеайлақ минимумы – осы әуеайлақта осы үлгідегі әуе кемесінің ұшуын және қонуын орындауға рұқсат етілетін ұшып-қону жолағы мен бұлттардың төменгi шектік биiктiгiндегi (немесе шешiм қабылдау биiктiгiндегi) көрiнiмдердiң ең аз рұқсат етілетін мәнi;
3) әуеайлақтың жарық сигнал беру жабдығының жүйесi – әуеайлақта белгiлi схема бойынша орналастырылған және көрiнiмнiң әртүрлi жағдайында әуе кемелерiнiң ұшып шығуын, қонар алдындағы соңғы кезеңін, қонуы мен жермен жүруін қамтамасыз етуге арналған жарық сигнал беру аспаптарының, электр жабдықтары мен басқару аппараттарының жиынтығы;
4) әуежай объектiлерiн электрмен қоректендірудің бұзылуы – электрмен қоректендірудің осы объектiнi резервтік қуат көзiне ауыстыру үшiн белгіленген мерзiмнен кем уақытқа ажыратылуы;
5) әуежайды электрмен жабдықтаудың сыртқы, тәуелсiз көзi – басқа қуат көздерiнде кернеу жоғалған кезде, кернеу сақталатын энергия жүйесінің буыны әуежай объектiлерiн қоректендіретін электр станциясы, қосалқы станция;
6) әуежай объектiлерiн электрмен қоректендірудің істен шығуы – осы объекті үшін резервтiк қуат көзіне көшу үшiн белгiленген уақыттан ұзағырақ уақытқа электрмен қоректендіруді ажырату;
7) автономды электрмен қоректендіру көзi – әуежайдың электр жүйесiмен байланысы жоқ және кепілдікті электрмен қоректендіру қалқанына немесе тікелей электр-қабылдағыштарға қосылған электрмен қоректендіру көзі;
8) аз қарқынды от – жарық күші 10000 канделден төмен жарық сигнал беретiн от;
9) глиссада - қонуға бет алудың соңғы кезеңiнде әуе кемесiнiң төмендеуi үшiн белгiленетін ұшу бейiні;
10) глиссадалық оттар – глиссаданы көзбен көрiп индикациялауға арналған оттар;
11) жарықтың орташа күшi – жарық шоғыры шашуының берілген бұрыштары шегінде барлық бағыттар бойынша жарық күшінің орташаланған мәнi;
12) жоғары қарқынды от – жарық қүші 10000 кандел және одан көп жарық сигнал беретiн от;
13) қауіпті аймақ – әуе кемелерін қоса алғанда, онда көлік құралдары болған кезде радиомаяктар сипаттамаларының рұқсат етілмейтін бұрмалануын туындататын бағыттық немесе глиссадалық радиомаяктар айналасындағы кеңістік:
14) от – жарық сигнал беру жүйесінiң негiзгi элементi болып табылатын, жарық таратудың берілген қисығы бар жарық аспабы;
15) оттың істен шығуы – қандай да бір себеппен жарықтың орташа күшінің берілген сәуле шашу бұрыштарында жаңа оттың нормалық жарық күшімен салыстырғанда 50% астам төмендеуі;
16) электрмен қоректендірудің кепiлдiкті жүйесi - нормативтiк мерзiмнен аспайтын уақыт iшiнде электрмен жабдықтауды (электрмен қоректендіруді) қалпына келтіруді қамтамасыз ететін қоректендірудің резервтiк жүйесi;
17) резервті электрмен қоректендіру көзі - негізгі көзден электрмен қоректендіру бұзылған кезде электр қабылдағыштарға қосылатын және негізгі көзден электрмен қоректендіруді қалпына келтіру үшін қажетті барынша уақыттан асатын уақыт ішінде электрмен қоректендіруді қамтамасыз ететін электрмен қоректендіру көзі;
18) талдау – персоналдың кәсiби дайындығын жетiлдiру, жұмыстағы ауытқуларды жою және олардың алдын алу мақсатында жұмысты орындау сапасын талдау;
19) электрмен жабдықтау – әуежай мен оның объектiлерiн энергия жүйесінен электр қуатымен қамтамасыз ету;
20) электр қондырғылары – электр энергиясын өндiруге, өзгертуге, трансформациялауға, беруге, бөлуге және оны энергияның басқа түрiне айналдыруға арналған машиналардың, желiлiк аппараттар мен қосымша жабдықтардың (осылар орнатылған ғимараттары және үй-жайларымен бірге) жиынтығы.
21) электрмен қоректендірудің үздiксiз жүйесi – технологиялық жабдық жұмысының үзiлiссiздігі бұзылмайтындай уақыт iшiнде электрмен жабдықтауды (электрмен қоректендіруді) қалпына келтіруді қамтамасыз ететін электрмен қоректендіру жүйесi;
22) ҰЭЖТҚЕ – ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету;
23) көрiнiм - атмосфералық жағдайлармен анықталатын және арақашықтық өлшем бiрлiгiмен көрсетiлетiн күндіз жарықтандырылмаған анық көрінетін және түнде жарықтандырылған анық көрінетін объектiлердi көру мен тану мүмкiндiгi;
24) ұшу-қону жолағындағы көрiнiм (ұшу-қону жолағындағы көрiнiм қашықтығы) – ұшу-қону жолағының остік сызығындағы әуе кемесiнiң ұшқышы ұшу-қону жолағы жамылғысының таңбалануын немесе оны шектейтін немесе оның остік сызығын белгiлейтін оттарды көре алатындай шектегі ең ұзақ қашықтық;
25) желiлiк от – ең үлкен аралықпен көлденең желi бойына орнатылып, қашықтықтан қысқа жарық жолағы болып көрiнетiн екi немесе одан да көп оттар;
26) Қызмет объектiлерi – ұшуды жарықпен техникалық қамтамасыз етуге, 10 (6) киловольттық кернеудi 0,4 киловольтқа трансформациялауға, электр энергиясын әуежай объектiлерiнiң, авиакәсіпорындарының қызметтiк және жолаушы объектiлерi электр күш жабдықтары арасында беру және бөлуге арналған электрлі қондырғылары бар объектiлер; өнеркәсіптік энергия жиілігін басқа энергия күшіне немесе басқа жиіліктегі энергия күшіне өзгертуге, өндірістік мақсаттағы объектілердің ішінде электр энергиясын беру мен бөлуге арналған басқа қызметтер объектілері, электр қондырғылары бар объектілер, сондай-ақ олардың электр күш және жарық беру жабдықтары.»;
«59. Жарықпен сигнал беру жабдығын пайдаланудың жарамдылық куәлiгiн беруді, ұзартуды, жаңарту мен ауыстыруды осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүргізеді.»;
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр
«КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасының
 Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
 2019 жылғы 16 шілдедегі № 509 
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Азаматтық авиациясының
ұшуды электрлі жарықпен
техникалық қамтамасыз
ету қағидаларына
8-қосымша
_______________________________
 (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым)
 ____________________________
 (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның мекенжайы)
Жарықпен сигнал беру жабдығының пайдалануға жарамдылық куәлiгi
 ЖСЖ сериясы № ___________ 20____ ж. «____ »_______ берілді 
20___ ж. «___» _______ дейін жарамды 
1. Азаматтық авиация ұйымының (әуеайлақтың) атауы ___________________ 
2. Магниттiк бағамы: МҚБ ________ МҚБ _______________________________ 
3. Орнатылған жабдықтың үлгісі және жүйе санаты:_______________________ ___________________________________________________________________ 
4. Пайдалана басталған жыл __________________________________________ 
5. Жарықпен сигнал беру жабдығының пайдалануға жарамдылық куәлігін тіркеу және беру үшін негіздеме:_____________________________________ 
6. Осы куәлiк ____________________________ әуеайлағының жарықпен сигнал беру жабдығының нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн куәландырады 
7. Пайдаланымдық шектеулер __________________________________________ 
8. Инспекциялық бақылауды ___________________________жүзеге асырады.
 Азаматтық авиация 
саласындағы уәкілетті ұйымның басшысы _____________ (қолы)
Полная версия
ИС BestProfi