Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын дамытудың қағидатты маңызды мәселелері жөнінде келісілген тәсілдер мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында:
Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімі
Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Экономикалық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - ЭСК) құрылсын.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкіміне қосымша
Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамы
Құрам өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің 29.09.2016 жылғы № 90-ө Өкімімен (03.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 жылғы № 8-ө Өкімімен (29.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің 15.08.2018 жылғы № 105-ө Өкімімен (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 жылғы № 57-ө Өкімімен (15.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің 23.09.2019 жылғы № 178-ө Өкімімен (11.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.10.2020 жылғы № 624 Қаулысымен (23.09.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Құрам өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің 08.12.2020 жылғы № 155-ө Өкімімен (01.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің 15.01.2021 жылғы № 3-ө Өкімімен (08.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.01.2022 жылғы № 34 Қаулысымен (15.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2022 жылғы № 268 Қаулысымен (28.01.2022 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.06.2022 жылғы № 106-Ө Өкімімен (29.04.2022 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.02.2023 жылғы № 15-Ө Өкімімен (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің 19.10.2023 жылғы № 162-ө Өкімімен (01.02.2023 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің 05.03.2024 жылғы № 29-ө Өкімімен (19.10.2023 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.07.2024 жылғы № 571 Қаулысымен (05.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Көлік министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімімен бекітілген
Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Экономикалық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - ЭСК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ететін стратегияны және оны іске асыру шараларын, тетіктерін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қарайды.
2. ЭСК қызметінің мақсаты әлеуметтік-экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
3. ЭСК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ЭСК-нің жұмыс органы болып табылады.
5. ЭСК отырыстары қажеттілігіне қарай өткiзiледi.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 жылғы № 57-ө Өкіміне сәйкес (15.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)
2. ЭСК-нің міндеттері
6. ЭСК-нің негізгі міндеттері:
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыру жөніндегі келісілген тәсілдерді әзірлеу;
2) экономиканы және әлеуметтік саланы дамытудың орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған қағидатты маңызды мәселелері, экономикадағы дағдарысты құбылыстардың туындауын болдырмау немесе олардың ықтимал теріс салдарын жеңілдету жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
3) ЭСК-нің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
7. ЭСК-нің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің 19.10.2023 жылғы № 162-ө Өкіміне сәйкес (01.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия