Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 1 тамыздағы № 9-Ө бұйрығы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығына, «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 Заңының 65-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 9824 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 10 қарашада жарияланған) күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылдың 30 шілдеден бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi