Близость слов: Окончание:





«Ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманың нысанын, сондай-ақ хаттаманы жасау және шығару тәртібін бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы 15 тамыздағы № 9672/30 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
«Ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманың нысанын, сондай-ақ хаттаманы жасау және шығару тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, ұсыныстарымызды қосымшада жолдаймыз.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 66-бабына сәйкес осы Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, белгіленген мерзімде тиісті негіздемені ұсынуды сұраймыз.
 Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Э. Жұмағазиев
Полная версия
ИС BestProfi