«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 571 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 тамызда № 19172 болып тіркелді
Редакция 21.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасына қойылатын талаптар;
2. «Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 222 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 10 сәуірде № 10692 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 сәуірде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 571 бұйрығына 1-қосымша
Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасына қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасына қойылатын талаптар «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамаларын әзірлеу кезінде орталық немесе жергілікті атқарушы органдардың, арнайы экономикалық аймақты құруға мүдделі заңды тұлғалардың талаптарын белгілейді.
2-тарау. Тұжырымдаманың құрылымы
2. Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасы мынадай бөлімдерден тұрады:
Полная версия