"Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 11.11.2023
"Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 607 қаулысы.
Осы Қаулы 2023 жылғы 11 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.10.2023 жылғы № 950 Қаулысына сәйкес
1. "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 607 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі – кеңестер) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
2. Кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің даму бағыттары бойынша алқалы органдар болып табылады.
3. Кеңестер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік басымдықтарына сәйкес ғылым бағыттары бойынша құрылады.
4. Кеңестердің жұмысын ұйымдастыратын Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы (бұдан әрі – сараптама орталығы) кеңестердің жұмыс органы болып табылады.
2. Кеңестердің құрамы
5. Кеңестердің құрамы 3 (үш) жыл мерзімге бекітіледі және 25 (жиырма бес) адамнан аспайтын мүшелердің тақ санынан құралуы тиіс.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы кеңес құрамының кемінде үштен екісінің мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерге рұқсаты болуы тиіс.
6. Кеңестердің құрамдарын ғылым саласындағы уәкілетті орган қазақстандық және шетелдік құзыретті ғалымдар, мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатарынан қалыптастырады және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Кеңес құрамын қалыптастыру үшін ұйымдар ғылым саласындағы уәкілетті органға кандидаттың осы Ереженің талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтерді көрсете отырып, еркін түрде жазылған түйіндемесін ұсынады.
Түйіндемедегі ақпараттың дұрыстығына кандидатты ұсынған ұйым жауап береді.
Полная версия