Близость слов: Окончание:





Тауар биржаларының, брокерлердің және тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 31 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 қыркүйекте № 19342 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 20.03.2025 жылғы № 116-НҚ Бұйрығына сәйкес (29.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 19.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңы 4-бабының 3-5) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңы 12-бабының 1-тармағының 1-1) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тауар биржаларының, брокерлердің және тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 20.03.2025 жылғы № 116-НҚ Бұйрығына сәйкес (29.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 171 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10259 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың  1)  және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
2019 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 31 бұйрығымен
бекітілген
Тауар биржаларының, брокерлердің және тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.06.2022 жылғы № 273-НҚ Бұйрығымен (03.09.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 20.03.2025 жылғы № 116-НҚ Бұйрығына сәйкес (29.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

№ р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар

тауар биржаларының қызметіне

1

«тауар биржасы» акционерлік қоғамы» атауын және қоғамның атауын қамтитын тауар биржасының фирмалық атауының болуын

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес тауар биржасының атауы туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

2

биржалық мәмілелерді жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін және «Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығымен белгіленген талаптарға сәйкес келетін тауар биржасының электрондық сауда жүйесі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген)

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес тауар биржасының электрондық сауда жүйесі туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

3

бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар және арнайы бөлімдер (тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің тізбесі; биржалық сауда-саттықтың нәтижелері; биржалық тауарлардың баға белгіленімі; уәкілетті органға ұсынылатын) және тауар биржасының мемлекеттік және орыс тілдерінде (мәтіндік, графикалық, дыбыс-бейне немесе өзге де түрде) ақпарат орналастыруын қамтамасыз ететін есептік ақпарат

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес интернет-ресурс туралы шынайы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

4

тауар биржалары саласында клирингтік қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар тауар биржасының клирингтік орталығымен жасалған шарт

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес клирингтік орталық туралы шынайы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

5

кемінде екі миллиард теңге мөлшерінде жарғылық капиталдың болуы, бұл ретте кемінде бір миллиард теңге ақшамен енгізілуі тиіс

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес тауар биржасының жарғылық капиталы туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

6

білім беру деңгейіне сәйкес келетін тауар биржасы қызметкерлерінің білікті құрамының болуын қамтиды (бірінші басшы үшін - жоғары білім, басшы лауазымдарды атқармайтын қызметкерлер үшін - жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі білім) және практикалық қызмет тәжірибесіне (бірінші басшы үшін - биржалық қызмет саласындағы жұмыс өтілі және (немесе) қаржы ұйымдарында кемінде үш жыл) және экономикалық қызмет және сыбайлас жемқорлық қылмыстар саласында қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы (бірінші басшы үшін)

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес тауар биржасының бірінші басшысы мен қызметкерлерінің білімі және жұмыс өтілі туралы шынайы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны.

www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама алу.

7

тауар биржасы бекіткен (қабылдаған), тауар биржасына қатысушылар қызметінің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, көрсетілетін қызметтерді көрсетуді, оларға ақы төлеу тәртібі мен мөлшерін, тауар биржасындағы коммерциялық құпияны, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелікті реттейтін ішкі құжаттары

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес тауар биржасының бекітілген ішкі құжаттары туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

брокерлердің қызметіне

8

брокер қызметкерлерінің білім беру деңгейіне сәйкес келетін білікті құрамының болуын қамтиды (бірінші басшы үшін - жоғары білім, басшы лауазымдарды атқармайтын қызметкерлер үшін - жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі білім) және практикалық қызмет тәжірибесіне (бірінші басшы үшін - биржалық қызмет саласындағы жұмыс өтілі және (немесе) қаржы ұйымдарында кемінде үш жыл) және экономикалық қызмет және сыбайлас жемқорлық қылмыстар саласында қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы (бірінші басшы үшін)

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес брокердің бірінші басшысы мен қызметкерлерінің білімі және жұмыс өтілі туралы шынайы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны.

www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама алу.

9

брокердің брокерлік қызметтер көрсету шарттарын және тауар биржасындағы брокер қызметінің тәртібін, брокердің, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, көрсетілетін қызметтерді көрсетуді, оларға ақы төлеу тәртібі мен мөлшерін, тауар биржасындағы коммерциялық құпияны, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі стандарттарды реттейтін ішкі құжаттары

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес брокердің бекітілген ішкі құжаттары туралы шынайы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне

10

клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін және «Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын және тауар биржасының клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрығымен белгіленген талаптарға сәйкес келетін аппараттық-бағдарламалық кешен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12605 болып тіркелген)

осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес клиринг орталығының аппараттық-бағдарламалық кешені туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

11

клиринг орталығы қызметкерлерінің білім беру деңгейіне сәйкес келетін білікті құрамы (бірінші басшы үшін - жоғары білім, басшы лауазымдарды атқармайтын қызметкерлер үшін - жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі білім) және практикалық қызмет тәжірибесіне (бірінші басшы үшін - биржалық қызмет саласындағы жұмыс өтілі және (немесе) қаржы ұйымдарында кемінде үш жыл) және экономикалық қызмет және сыбайлас жемқорлық қылмыстар саласында қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы (бірінші басшы үшін)

осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес клиринг орталығының бірінші басшысы мен қызметкерлерінің білімі және жұмыс өтілі туралы шынайы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны.

www.egov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталында соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама алу

12

уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес клирингтік қызмет көрсету шарттарын, тауар биржасындағы клирингтік орталық қызметінің тәртібін, клирингтік орталықтың, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, көрсетілетін қызметтерді көрсетуді, оларға ақы төлеу тәртібі мен мөлшерін, тауар биржасындағы коммерциялық құпияны реттейтін клирингтік орталықтың ішкі құжаттарын

осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес клиринг орталығының бекітілген ішкі құжаттары туралы шынайы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

13

бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар және Интернетте жұмыс істейтін клиринг орталықтың жеке интернет-ресурсы

осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес интернет-ресурс туралы шынайы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

14

екінші деңгейдегі банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша биржалық сауда-саттықты өткізу және (немесе) есеп айырысуды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі туралы шарт

осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шартта анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Тауар биржаларының,
брокерлердің және тауар
биржалары клирингтік орталықтарының
қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарын және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне
1-қосымша
Тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
1. Тауар биржасының фирмалық атауының болуы:
Полная версия
ИС BestProfi