«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 11.11.2023
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 654 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 11 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.10.2023 жылғы № 950 Қаулысына сәйкес
1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 691-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 654 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі – МҒТС) ұйымдастыруға және жүргізуге байланысты қатынастарды реттейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өтінім беруші – уәкілетті органда аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі немесе ғылыми зерттеулерді іске асыратын дербес білім беру ұйымы және оның тең шарттардағы ұйымдары;
2) тапсырыс беруші – ұйымдастырушымен МҒТС жүргізуді ұйымдастыруға өтеулі шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлға;
3) ұйымдастырушы – ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы;
4) баға негізділігін бағалау бойынша сарапшы – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген сол мемлекетте тұрақты тұру құқығына құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, оның ішінде шетелде уақытша жүрген, сұрау салынған соманың негізділігіне баға беру бойынша сараптамалық қорытынды беретін жеке тұлға (ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың сұрау салынатын қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін тартылатын сарапшының экономика және бизнес мамандықтарының топтары бойынша жоғары білімі, сондай-ақ мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі болуы қажет);
5) шетелдік сарапшы – сараптамалық қорытынды беретін, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС үшін тартылатын шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын сарапшы, сондай-ақ шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген осы мемлекетте тұрақты тұру құқығына құжаты бар, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік ғылыми ұйымдарда жұмыс өтілі және жетекші әлемдік ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми мақалалары, Web of science және (немесе) Scopus халықаралық деректер базаларына сәйкес соңғы бес жылда рецензияланған ғылыми журналдар бойынша кемінде бес Хирш индексі бар Қазақстан Республикасының азаматы.
Әскери, гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарға соңғы бес жылда кемінде бес Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды;
6) қазақстандық сарапшы – сараптамалық қорытынды беретін, сондай-ақ тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар МҒТС үшін тартылатын қазақстандық сарапшы – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген осы мемлекетте тұрақты тұру құқығына құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде жүрген академиялық ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми мақалалары бар, Web of Science және (немесе) Scopus деректерінің халықаралық базасына сәйкес кемінде екі Хирш индексі бар сарапшы.
Әскери, гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарға кемінде екі Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды;
Полная версия