Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 151 Жарлығы
Редакция 30.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Астана қаласының соты – Нұр-Сұлтан қаласының соты;
Астана қаласының аудандық және оларға теңестірiлген соттары
Нұр-Сұлтан қаласының аудандық және оларға теңестірiлген соттары деп қайта аталсын.
2. Қайта аталатын соттардың төрағалары және соттары қайта аталған соттардың төрағалары және соттары деп есептелсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 151 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:
«7. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 20.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының тізбесінде:
Полная версия
ИС BestProfi