Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2024
«Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 717 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2024 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Үкіметінің 15.12.2023 жылғы № 1128 Қаулысына сәйкес
1. «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 16-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 717 қаулысына қосымша
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВИАМАРШРУТҚА КУӘЛІК
____________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы)
жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау (тасымалдау объектілері көрсетіледі) мақсатында
__________________________________________________ халықаралық авиамаршруты бойынша (халықаралық авиамаршрут атауы)
_________________________________________________________________________жиілігімен (аптасына рұқсат етілген рейстер саны)
тұрақты авиарейстерді орындау құқығы берілді.
Халықаралық авиамаршрутқа куәлік берген мемлекеттік орган
___________________________________________________________________________________ (куәлікті берген мемлекеттік органның толық атауы) ___________________________________________________________________________________ (уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ол уәкілеттік берген адамның тегі, аты-жөні және қолы)
Куәлік берілген күн: 20___ жылғы «___» ___
Куәліктің қолданылу мерзімі: 20___ жылғы «___» ___ дейін
Куәліктің нөмірі ____________ № ____________
Нұр-Сұлтан қаласы ______________________
Полная версия