Близость слов: Окончание:





2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2019 жылғы 7 қазандағы № 11 бұйрығы.
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 қазанда № 19465 болып тіркелді
Редакция 21.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидалары мен мерзімдерінің 7-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 266-49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Тұрғынжайлар, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес үй-жайлар тізімі» (индексі 1-СЖ, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Тұратындар және (немесе) келушілер тізімі» (индексі 1-ПП, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Тұрғын үй жағдайлары» (индексі 2-Ж, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Жеке» (индексі 3-И, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Қазақстан Республикасының аумағында уақытша, 12 айдан кем жүргендер» (шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, тұрақты негізде шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары) (индексі 4-В, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағы осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық санақтарға дайындық және өткізу басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық санақтарға дайындық және өткізу басқармасы осы бұйрықты мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Н.Ж. Көшкімбаев) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Полная версия
ИС BestProfi