БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 09.06.2020
«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 қазандағы № 364 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 17 қазанда № 19480 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 9 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес
1. «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13717 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларында:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арзандатылған құн – бекітілген субсидиялар нормасынан төмен емес арзандатылған баға бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге немесе ауыл шаруашылығы кооперативтеріне (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) өткізілетін өсімдік қорғау құралдарының құны;
2) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) – ауыл шаруашылығы өнімін тауарлық өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
3) гербицидтер мен биопрепараттарды қолдану регламенті – гербицидтер мен биопрепараттарды қолдану шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар;
4) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олармен жасалатын операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;
5) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – басқарма) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және иесі ретінде оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
6) отандық өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіруші (бұдан әрі – ӨҚҚ өндіруші) – Қазақстан Республикасы аумағында гербицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды өндіруді жүзеге асыратын және арнайы жарақтандырылған өндірістік үй-жайлары, биозертханалары, биофабрикалары бар, биоагенттерді (энтомофагтарды) және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген гербицидтер мен биопрепараттарды өткізуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
7) өсімдіктерді қорғау құралдары (бұдан әрі – ӨҚҚ) – өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар;
8) ӨҚҚ жеткізуші – биоагенттерді (энтомофагтарды) және «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-6-бабына сәйкес тіркелген гербицидтер мен биопрепараттарды өндіруді (формуляциялауды) және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
9) ӨҚҚ-ның ең төменгі құны – субсидия нормасын белгілеу үшін баға ұсыныстарын, сондай-ақ мемлекеттік органдардан алынған ақпаратты талдау жолымен облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын, гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың Қазақстан Республикасы аумағында қалыптасқан ең төменгі бағасы;
10) өтінім – ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) сатып алынған ӨҚҚ үшін субсидиялар алуға арналған электрондық өтінімі;
11) өтпелі өтінім – ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) арзандатылған құнмен сатып алатын ӨҚҚ үшін ӨҚҚ өндірушінің субсидиялар алуға арналған электрондық өтiнiмі;
12) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – «электрондық үкімет» веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидия алуға арналған өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуге, сондай-ақ өтінімді (өтпелі өтінімді) субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;
13) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет ресурс;
14) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – субсидиялауға арналған өтінімдер (өтпелі өтінімдер), сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
Полная версия