«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
«Су алу, пайдалану және суды бұру туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (индексі 2-ТП (сушар), кезеңділігі жылдық) мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Су алу, пайдалану және суды бұру туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (индексі 2-ТП (сушар), кезеңділігі жылдық) мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
1. Мыналар:
1) «Су алу, пайдалану және суды бұру туралы есеп» (индексі 2-ТП (сушар), кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Су алу, пайдалану және суды бұру туралы есеп» (индексі 2-ТП (сушар), кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мынадай бұйрықтардың:
1) «Су алу, пайдалану және суды бұру туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7791204, индексі 2-ТП (сушар), кезеңділігі жылдық) мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 94 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10271 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 мамырда жарияланған);
2) «Су алу, пайдалану және суды бұру туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7791204, индексі 2-ТП (сушар), кезеңділігі жылдық) мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 94 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 5 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 116282 болып тіркелген, 2018 жылы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігi
2. Табиғи су нысандарынан жиналған, басқа да суды пайдаланушылардан алынған, пайдаланылған және берілген су туралы мәліметті көрсетіңіз (үтірден кейін бір белгімен, мың текше метр)
Укажите сведения о заборе воды из природных водных объектов, получено воды от других водопользователей, использовано и передано воды (в тысячах кубических метрах с одним знаком после запятой)
|
Жолдар коды Код строки |
Су нысанының атауы Наименование водного объекта |
Көз коды Код источника |
Беруші ұйымның коды Код передающейорганизации |
Теңіз-өзен коды Код моря-реки |
Ағыстар |
Сапа коды Код качества |
Сағадан кашықтық, километр Расстояние от устья, километр |
Рұқсат етілген көлем Разрешенный объем |
Алынды, барлығы 1 жылға за год |
оның ішінде айлар бойынша в том числе по месяцам |
||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
қаңтар январь |
ақпан февраль |
наурыз март |
|||||||||
|
А |
Б |
В |
Г |
Д |
Е |
Ж |
З |
И |
К |
Л |
М |
Н |
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
…. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жол дар коды ки |
оның ішінде айлар бойынша в том числе по месяцам |
Пайдаланған, берілген Использовано, передано |
Кері пайдалану Оборотное использова ние |
Қайтадан пайдала ну Повторное использова ние |
Пайдаланған Передано после использования |
Жеткізу кезіндегі шығындар Потери при транспорти ровке |
Суару алаңы (гектар) Площадь орошения (гектар) |
|||||||||
|
сәуір |
мамыр |
маусым |
шілде |
тамыз |
қыр-күйексентябрь |
қазан |
қараша |
жел-тоқсан |
коды2 |
көлемі |
||||||
|
А |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
…. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе:
Примечание:
1 СПМЕ бойынша код – Су пайдаланудың мемлекеттік есебінің коды
1 Код по ГУИВ – Код государственного учета использования воды
2 Осы бөлімді толтырған кезде статистикалық нысанға қосымшада келтірілген көз, сапа кодтары қолданылады
2 При заполнении данного раздела используются коды источника, качества приведенные в приложении к данной статистической форме
3.Суды бұру және су қашыртқысы туралы мәліметті көрсетіңіз (үтірден кейін бір белгімен, мың текше метр)
Укажите сведения o водоотведении и сбросе воды (в тысячах кубических метрахс одним знаком после запятой)
|
Жолдар коды Код строки |
Су нысанының атауы Наименование водного объекта |
Қабылдау коды Код приемника3 |
Қабылдаушы ұйымның коды Код принимающей организации |
Теңіз-өзен коды Код моря-реки |
Ағыстар |
Сапа коды Код качества |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
||||||
|
А |
Б |
В |
Г |
Д |
Е |
Ж |
З |
И |
К |
Л |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жолдар коды Код строки
|
Сағадан кашықтық, километр Расстояние от устья, километр |
Бұрылды, тасталды барлығы Отведено, сброшено всего |
Ласталған |
Нормативті таза (тазалаусыз) Нормативно-чистые (без очистки) |
Нормативті тазартылғандар Нормативно очищенных |
||||
|
тазалаусыз без очистки |
жеткілікті тазаланбаған недостаточно очищенные |
барлығы, онің ішінде всего, в том числе: |
биологиялық биологической |
физика-химиялық физико-химической |
механикалық механической |
||||
|
А |
М |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе:
Примечание:
3 Осы бөлімді толтырған кезде статистикалық нысанға қосымшада келтірілген қабылдау коды қолданылады;
3 При заполнении данного раздела используются коды приемника приведенные в приложении к данной статистической форме.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы «___» ______________ № ___ бұйрығына 2-қосымша
«Су алу, пайдалану және суды бұру туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (индексі 2-ТП (сушар), кезеңділігі жылдық)
1. Осы «Су алу, пайдалану және суды бұру туралы есеп» (индексі 2-ТП (сушар), кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Суды алу, пайдалану және суды бұру туралы есеп» (индексі 2-ТП (сушар), кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистиқалық нысан) толтыруды нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта Заңда, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінде айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) айналымды пайдалану – сумен жабдықтаудың техникалық жүйесі, онда айналымды су тиісті дайындықтан кейін немесе онсыз өнеркәсіптік кәсіпорынның технологиялық өндірісінде бірнеше рет пайдаланылады;
2) биологиялық тазалау – су айдындарына тасталған, биологиялық тазалау имараттарында нормативтік-тазартылған сарқынды сулардың көлемі;
3) қайталап пайдалану – технологиялық мақсаттар, суару, суландыру, сумен қамту және басқа да қажеттіліктер үшін кері қайтарылған суды алу;
4) механикалық тазалау – құрамына тек қана мехникалық тазалау қондырғылары кіретін (құмды аулау, майбензосазды аулағыштар, тұндырғыштар мен басқалары – реагенттерді пайдаланусыз) имараттарда нормативтік-тазартылған сарқынды сулар көлемі. Физика-химиялық немесе биологиялық тазалау имараттарының құрамына кіретін мехникалық тазалау қондырғылары ескерілмейді;
5) нормативтік-таза (тазалаусыз) – өндіріс технологиясына қатысу барысында ластанбайтын және оларды тазалаусыз тастау су нысанының есептік тұстамасында су сапасы нормативін бұзбайтын су айдындарына тасталған су көлемі, сондай-ақ егер олардың тазалаусыз тасталуы қоршаған ортаға эмиссияның белгіленген нормаларын қанағаттандыратын шахталы, бұлақты және пласты судың және суды төгу, суды азайту барысында алынған судың көлемі;
6) сарқынды сулар – адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызып жіберілетін ластанған аумақтағы сулар;
7) су бұру – сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жер бедеріне бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жиынтығы;
8) су объектісі – шекарасы, көлемi мен су режимi бар құрлық бетi бедерлерiндегi және жер қойнауындағы су шоғырланымдары. Олар: теңiздер, өзендер, соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үстi және жер асты су объектiлерi;
9) су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
10) су пайдаланудың мемлекеттік есебінің коды (бұдан әрі – СПМЕ) – суды пайдаланушының коды мен оның индексін су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы (бұдан әрі – БИ) белгілейді, алты таңбалы, бірінші екі цифр бассейннің кодын белгілейді, келесі 4 цифр - БИ тіркелген су пайдаланушының еркін коды;
11) тасымалдау барысындағы шығындар – суды тасымалдау барысында шығындалатын су көлемінің бөлігі (булануы, сүзілуі, ағуы және тағы басқа);
12) физика-химиялық тазалау – су айдындарына тасталған, физика-химиялық тазалау құрылыстарында нормативтік-тазартылған сулардың көлемі (ағынды суларды реагенттік өңдеу, электрхимиялық тазалау, нейтрализация, иондық алмасу және тағы басқа).
3. 1-бөлімде СПМЕ бойынша код және индекс толтырылады. Облыстың түрлі аудандарында филиалдары бар немесе әр түрлі су шаруашылығы учаскелерінен су алатын су пайдаланушылар статистикалық нысанды әр су алу бойынша жеке ұсынады, осының салдарынан СПМЕ кодына әр бір статистикалық нысан бойынша индекс беріледі.
4. 2-бөлімді су пайдаланушылар толтырады.
2-бөлімнің В-бағаны статистикалық нысанға қосымшаның «Су сапасы, пайдаланылған, пайдаланусыз берілген су объектілері кодтарының тізбесі» (бұдан әрі – Тізбе) 1-кестесіне сәйкес толтырылады, көз коды 1-бағаннан алынады, бұл ретте 3-бағанға сәйкес кейбір кодтар көрсетілмеуі мүмкін.
2-бөлімнің Г-К, М-бағандары беруші кәсіпорынның коды, теңіз-өзен, ағыс кодтары, сағадан қашықтық пен сапа коды:
бастапқы су пайдаланушылар үшін – БИ берген арнайы су пайдалануға рұқсаттың (бұдан әрі – рұқсат) мәліметтері бойынша;
қайталама су пайдаланушылар үшін – бастапқы су пайдаланушы рұқсатының мәліметтері бойынша толтырылады.
Бұл ретте 2-бөлімнің Л-бағаны Тізбенің 2-кестесіне сәйкес толтырылады, сапа коды 1-бағаннан алынады.
2-бөлімнің Н-бағанын бастапқы су пайдаланушылар рұқсаттың деректері бойынша толтырады.
2-бөлімнің 1-бағаны жылдық суды алу (беру), ал 2-бөлімнің 2-13-бағандарында айлар бойынша су алу толтырылады. Айлар бойынша суды алу қосындысы бір жылға суды алумен теңестіріледі. Айлар бойынша суды алу келесі жағдайда толтырылмайды:
су алу жыл бойы тең жүзеге асырылса (бұл негізінде шаруашылық-ауыз су мен шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктерге су алу үшін жатқызылады);
су алу 1000 текше метрден аспағанда.
Қалған жағдайларда 2-бөлімнің 2-13-бағандарын толтыру міндетті.
2-бөлімнің 14-бағаны Тізбенің 3-бөліміне сәйкес толтырылады, алынған және берілген судың коды 1-бағаннан алынады, бұл ретте 3 және 4-бағандарға сәйкес пайдаланылған судың өз коды, берілген судың өз коды бар. Транзиттік сулар өзгеше болып табылады, олар барлық жағдайда да көрсетіледі.
2-бөлімнің 15-бағанында пайдаланылған немесе пайдаланусыз берілген су көлемі қойылады.
2-бөлімнің 16-бағаны суды қайта пайдаланған жағдайда алынған таза суға толықтыру ретінде толтырылады.
2-бөлімнің 17-бағаны суды қайта пайдаланғанда толтырылады.
2-бөлімнің 18-бағаны суды пайдаланудан кейін берген жағдайда толтырылады.
2-бөлімнің 19-бағаны суды тасымалдау барысында шығын болғанда толтырылады.
2-бөлімнің 20-бағаны суару, жайылымды суландыруға суды пайдалану барысында толтырылады.
5. 3-бөлімді су пайдаланушылар толтырады.
3-бөлімнің А-бағанында жол нөмірі 2-бөлімнің А-бағанындағы жол нөміріне сәйкес келтіріледі.
3-бөлімнің В-бағаны Тізбенің1-бөліміне сәйкес толтырылады, көз коды 1-бағаннан толтырылады.
3-бөлімінің Г-К, М-бағандары беруші кәсіпорынның коды, теңіз-өзен, ағыс кодтары, сағадан қашықтық пен сапа коды:
бастапқы су пайдаланушылар үшін – арнайы су пайдалануға рұқсаттың (бұдан әрі – рұқсат) мәліметтері бойынша;
қайталама су пайдаланушылар үшін – бастапқы су пайдаланушы рұқсатының мәліметтері бойынша толтырылады.
Бұл ретте 3-бөлімнің Л-бағаны Тізбенің 2-бөліміне сәйкес толтырылады, сапа коды 1-бағаннан алынады.
3-бөлімнің 6, 7, 8-бағандары тазалау құрылыстары болған кезде толтырылады.
6. Арифметикалық-логикалық бақылау:
1) 2-бөлім:
2-бөлімнің 15 және 19-бағандарының ∑ (пайдаланылды, берілді және тасымалдау кезіндегі шығындар) = 2-бөлімнің 1-бағанына;
2-бөлімнің 18-бағаны (пайдаланылғаннан кейін берілді) < 2-бөлімнің 15-бағанынан (пайдаланылды, тапсырылды);
2) 3-бөлім:
3-бөлімнің 2, 3, 4, 5-бағандарының ∑= 3-бөлімнің 1-бағанына;
3-бөлімнің 6, 7, 8-бағандарының ∑= 3-бөлімнің 5-бағанына;
3) Бөлімдер арасындағы бақылау:
3-бөлімнің 1-бағаны (барлығы тасталған) < 2-бөлімнің 15-бағанынан (пайдаланылды, тапсырылды).

