Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026
«Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамының шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерi фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны табыс ету қағидалары мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1198 бұйрығы.
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 қазанда № 19539 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес 
1. «Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамының шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерi фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны табыс ету қағидалары мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16461 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 7 наурызда жарияланған) (бұдан әрі –Бұйрық) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым қызметшісінің шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерi фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны табыс ету қағидалары мен нысанын бекіту туралы»;
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым қызметшісінің шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерi фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны табыс ету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым қызметшісінің шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының мөлшерi фактiсiн растайтын қорытынды нысаны бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамының шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерi фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны табыс ету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамының шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының мөлшерi фактiсiн растайтын қорытынды нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі А. Смаилов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің 2019 жылғы 
 2019 жылғы 31 қазандағы
​ № 1198 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 5 ақпандағы
№ 122 бұйрығына
1-қосымша
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым қызметшісінің шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерi фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны табыс ету Қағидасы
1. Осы қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым қызметшісінің шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерi фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны табыс ету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 388 бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау жөніндегі тақырыптық тексеруді жүргізуге қатысқан азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемесімен жүзеге асырған рейсті және өткізген жанар-жағармай материалдарының мөлшері фактісін растайтын (авиакомпаниялар бөлігінде) қорытындыны табыс ету тәртібін айқындайды.
2-тарау. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым қызметшісінің шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерi фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны табыс ету тәртібі
2. Тақырыптық тексеру басталған күннен бастап мемлекеттік кірістер органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде тақырыптық тексеру жүргізуге қатысу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымынан өкілдік кандидатура жөніндегі ұсынысқа сұрау салады.
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, сұрау салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тақырыптық тексеруді жүргізуге қатысу үшін өкілдік кандидатурасын ұсынады.
4. Тақырыптық тексеруге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісі, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым қызметшісінің шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерi фактісінің анықтығын растайтын қорытындыны (бұдан әрі – қорытынды) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табыс етілуді қамтамасыз етеді.
5. Сұрау салуды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде салықтық тексеруге қатысушы болып табылатын мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамына қорытынды табыс етіледі.
6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісімен қорытындыға қол қойылады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2019 жылғы
 2019 жылғы 31 қазандағы
​ № 1198 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 5 ақпандағы
№ 122 бұйрығына
2-қосымша
 201___ жылғы «___» _____ бастап 201___ жылғы «___» _____ аралығындағы кезеңге Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым қызметшісінің шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының мөлшерi фактісінің анықтығын растайтын қорытындысы

№№

Шетелдік авиакомпанияларының атауы

Рейс нөмірі

Ұшып келген күні

Ұшып кеткен күні

Әуе кемесінің үлгісі

Шетелдік авиакомпаниямен шарттың нөмірі және күні (өтінімнің деректемелері)

Құйылған жанар-жағармай материалдары

Ескертпе

Мөлшері (тоннамен)

маркасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Жиынтығы:

х

х

х

х

х


 

х

х

 _____________________ ________ _______________________ ________ 
(азаматтық авиация (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты, (күні) 
саласындағы уәкілетті (егер бұл жеке басты ұйым қызметшісінің куәландыратын лауазымы) құжатта көрсетілсе))
Ескертпе: қорытынды нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме, осы бұйрыққа қосымшада келтірілген.
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы
 сомаларының анықтығын растау бойынша 
тақырыптық тексеру жүргiзуге
​ қатысатын азаматтық
 авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым қызметшісінің
 шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң
 рейстi жүзеге асыру және өткiзiлген 
жанар-жағармай материалдарының 
(авиакомпаниялар бөлінісінде)
 мөлшерi фактісін растайтын
 қорытынды нысанына
қосымша
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым қызметшісінің шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерi фактісін растайтын қорытынды нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым қызметшісінің шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерi фактісін растайтын қорытынды нысаны (бұдан әрі – нысан) тақырыптық тексеруді жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісімен толтырылады.
2. Нысан, мемлекеттік кірістер органына табыс етіледі.
нысанда салық төлеушінің атауы, заңды мекенжайы және бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);
нысанның 1 – бағанында қатардың рет саны көрсетіледі;
нысанның 2 – бағанында авиакомпанияның атауын көрсете отырып, оның тіркелінген мемлекеті көрсетіледі;
нысанның 3 – бағанында рейстің нөмірі көрсетіледі;
нысанның 4 – бағанында ұшып келген күні көрсетіледі;
нысанның 5 – бағанында ұшып кеткен күні көрсетіледі;
нысанның 6 – бағанында әуе кемесінің үлгісі көрсетіледі;
нысанның 7 – бағанында шетелдік авиакомпаниямен шарттың күні, нөмірі (өтінім деректемелері) көрсетіледі;
нысанның 8 – бағанында жанар-жағармай материалдарының мөлшері (тоннамен) көрсетіледі;
нысанның 9 – бағанында жанар-жағармай материалдарының маркасы көрсетіледі;
нысанның 10 – бағанында ескертпе көрсетіледі.
Полная версия
ИС BestProfi