Близость слов: Окончание:





«Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
1. «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптар»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жануарларға, жануарлардың жыныс және соматикалық жасушаларына қойылатын талаптар «Кеден одағындағы ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптармен (бұдан әрі – Бірыңғай ветеринариялық талаптар) белгіленді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа қойылатын талаптар Заңның 8-бабының 22) тармақшасына сәйкес бекітілетін ветеринария саласындағы техникалық регламенттермен, Евразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен бекітілген «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентімен, Евразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 68 шешімімен бекітілген «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентімен, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентімен және Бірыңғай ветеринариялық талаптармен белгіленеді.»;
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жолда болған кезде немесе түсіру кезінде Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (Халықаралық эпизоотиялық бюро) (бұдан әрі – ХЭБ) тізіміне енгізілген аса қауіпті ауруларға шалдыққаны анықталған немесе күдік тудырған немесе аурулардан өлген жануарлар арасында болған жануарларды;»;
18-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеріп қарау үшiн кедергiсiз беруді;»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Ветеринариялық есеп пен есептілік Заңның 8-бабының 44) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен ветеринариялық есепке алу мен есептілік нысандарына және Заңның 8-бабының 45) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларына сәйкес жүргізіледі және ұсынылады.»;
Полная версия
ИС BestProfi