«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2020
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 11-1-4/565 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 қарашада № 19565 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 21 қарашадан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің 05.11.2020 жылғы № 11-1-4/319 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11646 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Тілеуберді
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Полная версия