1. «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
«Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 394 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 394 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 394 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11817 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 тамызында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5, 6, 7 және 8 – тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:
куәлік беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қызмет берушінің құжат айналымы бойынша басқарманың қызметкері қабылдап алады және кейіннен орындаушыға үлестіру үшін қызмет берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының басшысына жібереді – бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – құжаттарды қабылдау және үлестіру;
2) орындаушы ұсынған құжаттарды толықтығын тексереді – бір жұмыс күннің ішінде.
Қызмет алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, қызмет беруші өтінішті оның тіркелген сәтінен бастап екі жұмыс күннің ішінде одан әрі караудан бас тартады.
Рәсімнің нәтижесі – өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап;
3) орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына сәйкестігі мәніне қарайды – бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – куәлік беру туралы шешім қабылдау немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
4) көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының басшысымен, заң қызметінің басшысымен көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына сәйкестігі туралы қорытындыны жобасын (бұдан әрі – қорытынды), куәлік беру туралы бұйрық жобасын дайындау және келісу, сондай-ақ оларды қызмет берушінің басшылығы бекітеді және бұйрықты тіркеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындалады және оны бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының басшысымен келіседі – бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – куәлік беру туралы қорытынды және бұйрық немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
5) куәлікті беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – бір жұмыс күннің ішінде.
Полная версия

