Близость слов: Окончание:





«Ауыл шаруашылығында телефон арқылы пікіртерім жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 13 қарашадағы № 177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Ауыл шаруашылығында телефон арқылы пікіртерім жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 13 қарашадағы № 177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
1. «Ауыл шаруашылығында телефон арқылы пікіртерім жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2015 жылғы 13 қарашадағы №177 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12375 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Ауыл шаруашылығында телефон арқылы сауал салуды жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы»;
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығында телефон арқылы сауал салуды жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ауыл шаруашылығында телефон арқылы пікіртерім жүргізу жөніндегі әдістемеде көрсетілген бұйрықпен бекітілген осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.  
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2019 жылғы ________
№ _____ бұйрық жобасына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2015 жылғы «13» қарашадағы
№ 177 бұйрығымен бекітілген
Полная версия
ИС BestProfi