Близость слов: Окончание:





«Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
1. «Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169-ө бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4775 болып тіркелген, «Заң газеті» 2007 жылғы 15 тамызда № 12 (1327) жарияланған) мынандай редакцияда жазылсын:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 287-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген қалдықтар сыныптауышы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2019 жылғы ____________
№ ___ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің 2007 жылғы
№ 169-ө бұйрығымен бекітілген
Осы Қалдықтар сыныптамасы (бұдан әрі - Сыныптауыш) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 287-бабына сәйкес әзірленді және қалдықтардың, олардың кодтарының тізбесін, сипаттамаларын, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі операцияларды айқындайды.  
Полная версия
ИС BestProfi