Близость слов: Окончание:





«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8662 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 желтоқсандағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 277 (28216) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргiзу туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшiн жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлi түрде вакцина егу, iндет ошақтарындағы мал шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, көлiкте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргiзу туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатерi төнген жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) жануарға арналған ветеринариялық паспорт беру ережелерін бұзушылық туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) жануарларды санитариялық тазалау, санитариялық сою туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нұсқамаларын жасау және беру қағидалары осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес.»;
1, 2,3,4,6,7,8,9, және 10-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2,3,4,56,7,8 және 9-қосымшаларына сәйкес жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Полная версия
ИС BestProfi