Близость слов: Окончание:





«Ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманың нысанын, сондай-ақ оларды толтыру және шығару қағидасын әзірлеу және бекіту» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманың нысанын, сондай-ақ оларды толтыру және шығару қағидасын әзірлеу және бекіту
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-26) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ветеринария саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларын жасау және шығару тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
20__ жылғы «__» _______
№ _____ бұйрығына 1-қосымша
ветеринария саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы/об административном правонарушении в области ветеринарии
«Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (бұдан әрі – Кодекс) 703, 802, 803 және 804-баптарына сәйкес осы ветеринария саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (бұдан әрі – хаттама) толтырылды/В соответствии со статьями 703, 802, 803 и 804 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях от 5 июля 2014 года (далее − Кодекс) составлен настоящий протокол об административном правонарушении в области ветеринарии (далее – протокол).
Хаттаманы толтыру тілі/Язык составления протокола: _________________
_____________________________________________________________________________
(мемлекеттік тіл, орыс тілі немесе басқа тілдер)/(государственный, русский или другие языки)
Полная версия
ИС BestProfi