Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының «Қарасу – автожол» және Қырғыз Республикасының «Ақ-Тілек – автожол» өткізу пункттері арасындағы көпірлерді реконструкциялау жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы келісім жобасын мақұлдау туралы» қаулы жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының «Қарасу – автожол» және Қырғыз Республикасының «Ақ-Тілек – автожол» өткізу пункттері арасындағы көпірлерді реконструкциялау жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы келісім жобасын мақұлдау туралы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының «Қарасу – автожол» және Қызғыз Республикасының «Ақ-Тілек – автожол» өткізу пункттері арасындағы көпірлерді реконструкциялау жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловқа Келісімге қағидаттық сипаты жоқ, өзгерістер және толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының «Қарасу – автожол» және Қырғыз Республикасының «Ақ-Тілек – автожол» өткізу пункттері арасындағы көпірлерді реконструкциялау жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі, екі мемлекеттің өңірлері арасында өзара алмасулар және сауда-экономикалық байланыстар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, жыл бойы сенімді және тұрақты қатынасты қамтамасыз ету және дамыту қажеттілігін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының «Қарасу – автожол» және Қырғыз Республикасының «Ақ-Тілек – автожол» өткізу пункттері арасындағы автожол көпірлерін жобалау, салу, реконструкциялау, пайдалану және оны күтіп-ұстау жөніндегі бірлескен іс-қимылдар туралы шешімді іске асыруға ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімде: «көпірлер» термині Қазақстан Республикасының «Қарасу – автожол» және Қырғыз Республикасының «Ақ-Тілек – автожол» өткізу пункттері арасындағы трансшекаралық Шу өзенінің арнасы арқылы өтетін автожол көпірлері (бұдан әрі – Көпірлер) деп түсініледі.
2-бап
Осы Келісімді іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіруді Тараптардың уәкілетті органдары:
Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
Қырғыз тарапынан – Қырғыз Республикасы Көлік және жолдар министрлігі жүзеге асырады.
Өздерінің уәкілетті органдары өзгерген жағдайда Тараптар бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
3-бап
Көпірлерді жобалауға, салуға, реконструкциялауға пайдалануға және оған қызмет көрсетуге жауапты ұйымдар:
Қазақстан тарапынан – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
Қырғыз тарапынан – Қырғыз Республикасы Көлік және жолдар министрлігінің жанындағы жол шаруашылығы департаменті.
Жоғарыда аталған жауапты ұйымдардың атауларының немесе функцияларының өзгеруі туралы Тараптар дипломатиялық арналар арқылы уақтылы хабардар ететін болады.
4-бап
1. Көпірлерді салу және реконструкциялау шекаралық Шу өзенінің су ағынының бағытын өзгертпеуі, оның арнасының, жағалау сызығының және мемлекеттік шекараның өту сызығының өзгеруін туғызбауы, осы ауданда кеме қатынасының қауіпсіздігіне, экологиялық және өзге де қауіпсіздікке зиян келтірмеуі тиіс.
2. Көпірлерді Тараптардың әрқайсысы өз аумағында бір уақытта салуы тиіс, көпірлерді салу және реконструкциялау аяқталғаннан кейін Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының меншігіне берілетін болады.
3. Көпірлерді пайдалану және күтіп-ұстауды Тараптардың әрқайсысы өзінің бөлігінде жүзеге асыратын болады.
4. Көпірлерді пайдаланудың және күтіп-ұстаудың нақты режимін Тараптардың осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген органдары қосымша келіседі.
5. Тараптардың мемлекеттік шекаралары арқылы өткізу мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу үшін өндірістік қажеттілік бойынша трансшекаралық құрылыстардың қызмет көрсетуші персоналының болу тәртібі 2017 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз-Қазақстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімде белгіленген тәртіппен айқындалады.
5-бап
1. Көпірлерді салуға байланысты барлық шығындарды, оның ішінде материалдық-техникалық ресурстарды тарта отырып, жобалау-іздестіру жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ Көпірлерді салуға және реконструкциялауға байланысты басқа да шығыстарды Тараптар тең үлеспен көтереді.
2. Көпірлерге көліктік кіреберістер, қосалқы объектілер мен құрылысжайлар салуды әрбір Тарап өз мемлекетінің аумағында дербес жүзеге асырады және Көпірлер құрылысының аяқталуымен бір мезгілде аяқтайды.
6-бап
Осы Келісім күшіне енгеннен кейін осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген органдар 3 (үш) айдың ішінде ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізеді, Көпірлерді салудың нақты мәселелерін, оның ішінде іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізу бөлігінде, олардың нәтижелерін бекітуді, Көпірлерді пайдалану және оны күтіп-ұстау режимін қоса алғанда, оларды реттейтін қажетті шарттық құжаттарды әзірлейді және оларға қол қояды.
7-бап
Осы келісімді түсіну және қолдану бойынша даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар және келіссөздер арқылы шешеді.
8-бап
Тараптардың өзара келісу бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
9-бап
Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
10-бап
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың біреуі оның қолданылуын тоқтатуға өзінің ниеті туралы екінші Тарапқа жазбаша хабардар еткен күннен бастап 6 (алты) ай өткенге дейін күшінде қалады.
20___ жылғы _____________ «_____________» қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін ______________________ Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін ______________________
Полная версия

