Близость слов: Окончание:





«Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 201 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 201 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 2014 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8654 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 қазанда «Заң газеті» газетінде № 148 (2349) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидалары:
мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
«16. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының талап етілмеген сомаларына жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ, сондай-ақ тегінде, атында, әкесінің атында және туған күнінде дұрыс деректемелер көрсетілмеген БЖЗҚ-дағы сәйкестендірілмеген салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы сомалар жатқызылады.
БЖЗҚ осы Қағидалардың 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген салымшыларды (алушыларды) сәйкестендіруді мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) сәйкестендірілмеген салымшылардың (алушылардың) деректемелерін салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ ақпараттық жүйесіндегі деректемелерімен фонетикалық іздеу (айтылуы бойынша ұқсас), сондай-ақ тектерін, аттарын және әкелерінің аттарын қазақ және орыс тілдерінде жазған кезде транслитерация белгісін ескере отырып, салыстырып тексеру жүргізіледі;
2) салымшылардың (алушылардың) деректемелерін (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні) деректемелерін «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорымен, оның ішінде жеке сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғына салыстырып тексеру жүргізіледі.
Қате деректемелері бар салымшылар (алушылар) сәйкестендірілген жағдайда, БЖЗҚ оларды «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына сәйкес келтіреді.».
2. Банктік емес ұйымдарды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.  
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 201 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

р/с

Нормативтік құқықтық актінің жобасы туралы мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты

1.

Әзірлеуші бөлімше

Банктік емес ұйымдарды дамыту департаменті

2.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау қажеттігіне негіздеме

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында

3.

Нормативтік құқықтық актінің жобасына қысқаша сипаттама

 

Бұл жоба белсенді емес жеке зейнетақы шоттарымен жұмыс істеу тәртібін анықтау мақсатында жасалды.

4.

Жобаны Ұлттық Банк орталық аппаратының мүдделі бөлімшелерімен, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарымен және (немесе) өзге де мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер 

Заң департаменті

5.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қаржы ұйымдарымен, өзге де мүдделі заңды тұлғалармен келісу туралы мәліметтер.

жоқ

6.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық палатасының сараптама қорытындылары  туралы, Ұлттық Банк жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері бойынша  сараптама кеңесінде қарау нәтижелері  туралы (Ұлттық Банктің  жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері үшін) мәліметтер

«Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-ның __.11.2019 ж. №___ Сарапшылық тұжырымы.  

 

Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының __.11.2019 ж. №______ Сарапшылық тұжырымы.

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кәсіпкерлік жөніндегі Сараптама кеңесінің __.11.2019 ж. №_______  хаттамасы.

7

Нормативтік құқықтық актінің (Ұлттық Банктің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық  актілері үшін) қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысулар нәтижелері

Жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын көздемейді

 

8

Нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында орналастыру және жария талқылау нәтижелері туралы мәліметтер

__.11.2019 ж. нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында орналастыру

__.11.2019 ж. нормативтік құқықтық актінің жобасын жария талқылауды аяқтау туралы есептің алдын ала нұсқасын жариялау

__.11.2019 ж. нормативтік құқықтық актінің жобасын онлайн талқылау

__.11.2019 ж. есептің түпкілікті нұсқасын жариялау

9

Өзге мәліметтер

 -

Банктік емес ұйымдарды
дамыту департаменті С. Қилыбаева
«Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 201 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысының жобасына салыстырмалы кесте

№ р/с

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

  1.  

16-тармақ

16. Жоқ.

16. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының талап етілмеген сомаларына жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ, сондай-ақ тегінде, атында, әкесінің атында және туған күнінде дұрыс деректемелер көрсетілмеген БЖЗҚ-дағы сәйкестендірілмеген салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы сомалар жатқызылады.

БЖЗҚ осы Қағидалардың 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген салымшыларды (алушыларды) сәйкестендіруді мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

1) сәйкестендірілмеген салымшылардың (алушылардың) деректемелерін салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ ақпараттық жүйесіндегі деректемелерімен фонетикалық іздеу (айтылуы бойынша ұқсас), сондай-ақ тектерін, аттарын және әкелерінің аттарын қазақ және орыс тілдерінде жазған кезде транслитерация белгісін ескере отырып, салыстырып тексеру жүргізіледі;

2) салымшылардың (алушылардың) деректемелерін (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні) деректемелерін «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорымен, оның ішінде жеке сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғына салыстырып тексеру жүргізіледі.

Қате деректемелері бар салымшылар (алушылар) сәйкестендірілген жағдайда, БЖЗҚ оларды «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына сәйкес келтіреді.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары талап етілмеген зейнетақы жинақтарына жататындығын анықтау үшін.

 

БЖЗҚ ЖСН жоқ және толық аты-жөні, туған жылы дұрыс көрсетілмеген салымшыларды (алушыларды) сәйкестендіру тәртібін анықтау.

Полная версия
ИС BestProfi