Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығы
Редакция 01.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.
2. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Кеңес туралы осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
4. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және жүйелік тәуекелдердің алдын алуға және (немесе) азайтуға жәрдемдесу Кеңестің негізгі міндеті болып табылады.
5. Кеңестің функцияларына:
1) қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін азайтуға бағытталған макропруденциялық саясатты іске асыру шараларын;
Полная версия

