Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобассына қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобассына қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасына қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.  
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып, 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың ережелерін назарға ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспенің екінші абзацын және 27-бапты қоспағанда «Кеден одағының комиссиясы» деген сөздер тиісті септікте «Еуразиялық экономикалық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспені қоспағанда, тиісті санда және септікте «Кеден одағына мүше мемлекет» деген сөздер тиісті санда және септікте «мүше мемлекет» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) екінші абзацтан кейін кіріспе мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың және 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартының ережелерін назарға ала отырып,»;
1 – тармақшада «Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағы» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағы (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекет, Одақ)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақшада «(кеден)» деген сөз алып тасталсын;
4-тармақша «қатысушы» деген сөзден кейін «, субъект» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақтың күші жойылды деп танылсын;
3-тармақтағы «2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарттың (бұдан әрі – одақтың Кеден кодексі) ажырамас бөлігі болып табылатын Кеден одағының Кеден кодексінде» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде (бұдан әрі – одақтың Кеден кодексі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 3-баптың атауындағы «Кеден одағының кедендік аумағында» деген сөздер «мүше мемлекеттердің аумақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы екінші сөйлем алып тасталсын;
үшінші абзацтағы «аумағында» деген сөз «аумақтарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
атауы «қатысушылардың» деген сөзден кейін «, субъектілердің» деген сөзбен толықтырылсын;
бірінші абзац «қатысушының» деген сөзден кейін «, субъектінің» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «кедендік баждарды, салықтарды төлеу» деген сөздер «порттық немесе логистикалық ЕЭА резидентінің міндеттерін орындау, сондай-ақ оны беру мен қолданудың мөлшері мен тәртібі белгіленуі мүмкін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың үшінші абзацындағы «мерзімді жариялауға, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып» деген сөздер «Одақтың ресми сайтына орналастыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 7-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісіммен (ЕЭА-дағы қызметтің талаптары туралы шартпен, инвестициялық декларациямен)» деген сөздер «ЕЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісіммен (Шартпен) (ЕЭА-дағы қызметтің талаптары туралы шартпен, инвестициялық декларациямен, кәсіпкерлік бағдарламамен)» деген сөздермен ауыстырылсын;
ЕЭА-ның аумағы және онда еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін қолдану
1. ЕЭА аумағы одақтың кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады.
2. Порттық және логистикалық ЕЭА шектері одақтың кедендік шекарасы болып табылады.
3. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағы (барлық немесе оның бір бөлігі) аумағында осы ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.
ЕЭА аумағында, мұнда еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімдері қолданылады, Одақтың Кедендік кодексіне сәйкес еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырлатын (орналастырылған) шет елдік тауарлар және Одақтың тауарлары болуы (орналастырылуы) және (немесе) болуы мүмкін, сондай-ақ шет ел тауарларын және Одақ тауараларын қоспағанда, және (немесе) осындай тауарлардың санаттары, бұлар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес олардың аумағында ЕЭА құрылған, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімдері қолданылатын ЕЭА аумағында болуға (орналастыруға) тыйым салынған
5. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі Одақтың Кеден кодексіне сәйкес қолданылады.»;
10) 25 және 26-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
Осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Осы Келісімді түсіндірумен және (немесе) қолданумен байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.».
Осы Хаттама депозитарий дипломатиялық арналар арқылы мүше мемлекеттердің осы Хаттама күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
_____ жылғы «___» ___________ ___________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы
үшін

Беларусь Республикасы
үшін

Қазақстан Республикасы
үшін

Қырғыз Республикасы
үшін

Ресей Федерациясы
үшін
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге
«Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасына қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
2. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына жасалған сілтемесі бар жобаны қабылдаудың негіздемелері және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері (Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары түсіндірме жазбаға қоса беріледі)  
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайыловтың 2019 жылғы 7 қарашадағы № 12-13/И-493 тапсырмасына сәйкес.  
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 19 өкіміне сәйкес.
3. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептемелер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет
комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)
Жобаны қабылдау қаржылық шығындарды талап етпейді.
4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдарлар
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың, сондай-ақ 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың ережелеріне сәйкес 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу.
5. Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі
Жобаны қабылдау мақсаты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың, сондай-ақ 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың ережелеріне сәйкес 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу болып табылады.
6. Жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер
«Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы.
7. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы
Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі жоқ
8. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат  
9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі
10. Қаулы жобасының мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)
Жоба 2019 жылғы _____________ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтында орналастырылған (________ кбайт).
Жоба 2019 жылғы __________________ (e-gov) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орнастырылған.
11. Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаның, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат  
12. Қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі
13. Үкімет актісінің жүзеге асуына байланысты жеке кәсіпкерлер субъектілерінің шығындарын төмендедту және (немесе) арттыруды дәлелдейтін есептердің нәтижесі
14. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлік палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептеріне негіздеме
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі Б. Атамқұлов
Полная версия
ИС BestProfi